Өсімдіктерге не қажет? (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Өсімдіктерге не қажет? (Жаратылыстану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі табиғат әлемі
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктерге не қажет?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.3.1 Өсімдіктің өсуі үшін судың, жарықтың және жылудың (мысалы, тұқым не тұтас өсімдік үшін) қажеттілігін зерттеу;
2.2.3.2. Өсімдіктердің күн энергиясын жұтатынын түсіну
2.1.1.2. Өсімдіктерге қанша су, жылу және жарық қажет екені туралы сұрақтарға жауап беру үшін өз тәжірибесін пайдалану
2.1.3.2.Өлшемдерді жүргізу үшін құрал-жабдықты дұрыс таңдай білу, мысалы өсімдік биіктігін анықтау үшін сызғыш пайдалану
2.1.2.2.Сұрақтарға өздігінен жауаптар табу жолдарын ұсыну
Сабақтың мақсаттары: Өсімдік өсу үшін су, жарық, жылуды қажет ететінін зерттеу;
Өсімдіктер күн қуатын сіңіретінін түсіну;
Болжамдар мен алынған нәтижелерді салыстыру, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын түсіндіру.

(Ұ) Оқушылардан понтомимамен бойы тік өскен, жақсы күтілген сау өсімдікті көрсетуді сұрау. Содан кейін жапырақтары сарғайып, төмен қарай салбыраған, ауруға шалдыққан өсімдік қалай көрінеді деп сұрау.
- Ол неге осындай болады?
- Оған не жетпеді?
- Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?
(Ж) Суреттерді салыстыру. Екі суреттегі өсімдіктерді салыстырыңдар. Айырмашылық неден болады? Осы сұрақты жұппен талдап, өздерінің жасаған болжамдарының дұрыстығын энциклопедиялар мен ғаламтордан деректерді пайдаланып дәлеледуді тапсыру.
(Ж,Ұ) Көгал. Оқушыларға күннің суретіне қарауды немесе терезеден қарауды ұсыну. 1 – сыныпта «Жарық» бөлімінде күн мен көлеңке туралы өткендерін естеріне салу. Оқулықтағы суретке назар аудару. Тағы қандай жерлерде шөп аз өсетінін , ал қай жерлерде өте жақсы өсу жағдайлары бар екенін ойлансын. Неге бұлай болатынын сұрау. Шыршалы орманның фотосуретін көрсету. Оны толық сөздермен суреттеу. Кейбір оқушыларға сурет бойынша әңгіме құрауға ұсыну. Оқушылар шыршалы орман өте қараңғы, онда жарық аз түседі, сондықтан еш нәрсе өспейді деген қорытынды жасай алатындай ұйымдастыру. Оқушыларға күн жарығы өсімдікке қуат беретінін және олар осының нәтижесінде қоректік заттарды түзетінін түсіндіру.
(Ж,Ұ,ОТ) Шөл. Оқушыларға шөл мен орманның суреттерін көрсетіп салыстыруды тапсыру.
- Шөлді жер өсімдіктерінің тамырының ұзындығы қандай?
- Неге?
«Зерттейік!» жұмысты еркін құрылған топтармен жалғастыру.
Үрмебұршақ немесе асбұршақ тұқымдарын,бөлме өсімдігін (өніп тұрған үрмебұршақты) , 3 банка (пластикалық стакандар), топырақ, қорап, және «су,жарық», «су,жарқсыз», «жарық,сусыз» деген жазулары бар қағаздарды пайдалану.
Тапсырма.
• Банкаларға жазулар бар қағаздарды жабыстырып, сол күнді, топтың атауын немесе оқушының аты – жөнін жазу;
• Әрқайсысына бір үрмебұршақ тұқымын отырғызу. Тұқымды сабаққа бір тәулік қалғанда сулап қойған дұрыс. Банкаларды терезенің алдына қою.
• Бірінші банканы суарып, қақпағын ашыпқою.
• Екінші банканы суарып, бірақ қораппен жабу.
• Үшінші банканы ашық қалдырып, суармау.
Тура осыны бөлме өсімдіктері немесе алдын ала өнген тұқымдар арқыл да жасауға болады. суаруды ұмытпау.
Бұл сабақта нәтижелерді біден алу мүмкін болмайтындықтан, соңында мұғалім өсімдіктің өсуіне белгілі бір жағдайлар қажет екендігін айту.
(Т) Топпен жұмыс. Анықтау қажет:
1. Өсімдіктің сау немесе ауру екендігін,
2. Ауа температурасын өлшеу,
3. Топырақтың ылғалдылығы мен құнарлығын,
4. Қара ма, әлде сары ма?
5. Жарық қалай түседі?......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 556



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!