Дыбыс қайда тарайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Дыбыс қайда тарайды? 2-сабақ (Жаратылыстану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Жаратылыстану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Дыбыс
Сабақтың тақырыбы: Дыбыс қайда тарайды? 2-сабақ
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: 1.8.2.1. Дыбыс барлық бағыттарға таралатынын білу. Ғылыми зерттеуді жоспарлау;
1.1.2.1. Дыбыстарды тындап бақылау арқылы сұрақтарға қалай жауап іздеу керектігін талқылау.
1.1.2.3. Топ болып пайда болған ғылыми сұрақтарға жауап беру жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар білу керек:
Оқушылар әр түрлі ортада дыбыстың таралуын анықтауды үйренеді
Оқушылар әртүрлі ортада: сұйықтықта, қатты денелерде, ауада қалай таралуын біледі.
Көпшілігі:
Оқушылар дыбыстың барлық бағытқа таралатынын біледі.
Кейбір оқушылар:
Зерттеу нәтижелерін айтады,түсіндіреді, талдайды.

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ далада мектеп алаңында басталады.
Топқа бөлу үшін оқушыларға сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру және жаңа сабаққа жетелеу, сыни ойлау және қолдану дағдыларын жетілдіру мақсатында жоғарыда көрсетілген (әр оқушы берілген 4 суреттің біреуін таңдау арқылы) дене мүшелерінің суреттері салынған карточкалар беріледі. Суреттегі дене мүшесінің бірін таңдағаноқушылар нұсқауды тыңдайды.
Нұсқау: әр оқушы таңдалған суреттегі дене мүшесі арқылы зерделеуге болатын үш түрлі затты айналадағы табиғат аясынан таңдайды. Мысалы: құлақ: көліктің дыбысы, құстың сайрағаны, судың сылдыры. Көз арқылы: өсіп тұрған ағаш, гүл, қабатты үйлер, спорт алаңы. Мұрын арқылы: гүлдің иісі, т.б.
(Т,Ұ, ОТ) Әр топ 2 мин ішінде айналамызға қарап, зерттеу арқылы кем дегенде 4 түрлі заттың атауын тауып айтулары керек.
(Т,Ұ, ОТ) Сынып оқушылары қатарға теріс қарап, тұрады. 4 топқа 4 түрлі заттың дыбысын шығару арқылы ненің дыбысы екенін анықтап айту, табу тапсырмасы беріледі.
- Бұл қай заттың дыбысы?
(камертон, барабан, сылдырмақ, флейта)
- Дыбысы қалай естіледі? (қатты,ақырын, орта)
- Дыбыс қалай таралады деп ойлайсың?
- Дыбыс қайда тарайды?
Бүгінгі сабағымызда дыбыс қайда таралатын білетін боласыңдар. Сабағымызды ары қарай сынып бөлмесінде жалғастырамыз. Оқушылардың дыбысың қалай таралатынын нақтырақ көрсету және өткен сабақты пысықтау үшін тақтаға қарауларын ұсынамын.
(МК) Тақтада 1 – слайд, 2 – слайд бойынша жұмыс.
Судағы толқындар лақтырылған немесе құлаған объекттен шеңбер бойынша таралады.
Дыбыс барлық бағыттарға дыбыс толқындары арқылы тарайды. Олар су бетіндегі шеңбер тәрізді таралады.

деген болатынбыз.
Бүгінгі сабақтағы дыбыстың қайда тарайтынын білу, көру, оқушылырдың тәжирибе жүзінде көз жеткізулері мақсатында келесі тәжирибелерді сынып болып бірге орындауды ұсынамын.
(Ұ,ОТ) 1 – тәжірибе.
Музыкалық үшбұрышты соғып көру. Содан соң оны суы бар ыдысқа салып тағы соғып көру.
Оқулықтағы суретке қарау.
Қорытынды: Дыбыс суда да тарайды. Дыбыстың суда таралуы ауаға қарағанда төрт есе жылдам болады екен.
2 – тәжірибе.
Дыбыс ауада жақсы тарайды. Ол қатты дене мен сұйықтық арқылы тарайды.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий