Қазақстанда жасалған (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

  Қазақстанда жасалған (Дүниетану, 4 сынып, IV тоқсан)

Пән: дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Болашаққа саяхат
Сабақ тақырыбы: Қазақстанда жасалған
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 4.3.5.1 зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну
Сабақ мақсаттары: • зерттеулер негізінде «Қазақстан» атауымен байланысты мағыналық ассоциациялар қатарын (ұлттық бренд) ұсыну.

Балалар бүгін сабақта ұлттық бренд ұғымымен танысасыңдар
(Ұ)(Т) Миға шабуыл стратегиясы
Оқушылар «ұлттық бренд» деген ұғым бойынша ойларын ортаға салады.
Келесі сұрақтарға жауап береді:
-Бренд дегеніміз не?
-Ұлттық бренд дегенді қалай түсінесіңдер?
-Нені ұлттық бренд ретінде алар едіңдер?
-Неліктен?
(МК)
«Бренд» ұғымының негізі ағылшын тілінен аударғанда «таңба», «таңбалау», «ен салу» дегенді білдіреді
Бренд дегеніміз – елдің, тұтас бір ұлттың келбеті, жарнамасы. Ол сәулет немесе киім үлгісі, туризм немесе халық мәдениеті болуы мүмкін. Ең бастысы – олар өтімді, сұранысқа ие болу керек. Яғни, ел экономикасына қомақты қаржы түсіруі тиіс
Ал енді Қазақстанның әр өңіріндегі брендтерді атап көрейік. Мысалы: Алматыны апорты, Қызылорданың күріші, Маңғыстаудың мұнайы, Қостанай жылқысы, Қарағандының көмірі, Жезқазғанның мысы, Талдықорғанның қанты, Өскеменнің балы, Петропавлдың бидайы, Көкшетаудың көрікті табиғаты, Шымкенттің ақ мақтасы, Жаңарқаның қымызы, Аралдың тұзы т.б. осылай жалғастыра беруге болады. Бұлар ішкі бренд.


Әуелі қазақтың ұлттық бренді болуға татитын, өзге елдер өндірмейтін екі түрлі тағам бар. Оның бірі – шұбат, екіншісі – қазы. Осы екі тағамның бірі ұлттық бренд болуына әбден негіз бар. Себебі екеуін де басқа ешбір ұлт жасамайды. Қазақтың қазысының құнарын әлемдік медицина мойындаған. Шұбаттың сан түрлі сырқатқа дауа екенін де әлем мойындады. Қазақ ұлтының ұлттық брендін қалыптастырғысы келген жан осы екі тағамның халықаралық деңгейге көтерілуіне күш салуы керек.
Жұптас, ойлан, талқыла.
Өзіңнің тұратын жеріңде қандай өндіріс орындары бар?
Ол жерде не өндіріледі?

Анықта.
Біздің елімізде қандай тауарлардың ұлттық брендке айналған?
Ғаламтор желісінен ізденіп тап.
Жұмыс нәтижесі ретінде оқушылар ұлттық брендтер тізімін ұсынады.
Жауаптары «KazMeat»,«QazaqOrganicFood»,
«HalalKazakhstan» ет өнімдері, «Рахат» АҚ кондитерлік өнімдері, «Alageum Electric» трансформаторлар өндірісі, «Қайнар» аккумуляторлар өндірісі, «Ақсай нан» нан өнімдері, «Hyundai Trans Auto» «Азия авто» автокөліктер т. б.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 372



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі