Туристің қайда сапар шеккені жөн? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Туристің қайда сапар шеккені жөн? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Су- тіршілік көзі»
Сабақ тақырыбы: Туристің қайда сапар шеккені жөн?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.4.1. Қазақстанның ерекше тартымды туристік су нысандарының рейтингісін құру
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Қазақстанның кейбір туристік нысандарының рейтингісін жасайды.

1. «Есіңе түсір» тапсырмасы (ұжымда)
Оқушылар сюжеттік суреттер бойынша "туризм", "туризм түрлері", "туристік нысандар" ұғымдарын еске алады.

2. «Серуен» ойыны (жұпта)
Оқушылар "серуендеу" үшін өзіне жұп таңдайды. Серуен кезінде оқушылар жұптасып серуендеп, әңгімелеседі. Қоңырау соғылғанда жаңа жұптар құрылады және әңгіме жалғасады.
Әңгімелесуге арналған сұрақтар:
- Қазақстанда қандай жерлерде демалдыңдар? (қала, ауыл, көрнекті орындар, демалыс орындары)
- Бұл орындарға қандай мақсатпен бардыңдар? (Себебі)
- Бұл жерлерде сені не қызықтырды?
- Сен үшін Қазақстанда демалатын ең жақсы орын қандай?
Ойынды қорытындылаңыз.

3. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Қазақстанның кейбір туристік нысандарының рейтингісін жасау.
4. «Анықта» тапсырмасы (топта)
Әр топқа суреттер топтамасы беріледі. Олардың қайсысы табиғи, ал қайсысы тарихи және мәдени нысандарға жататынын анықтау және қорытынды жасау қажет.

Бағалау критерийлері:
- Туристік нысандардың түрін анықтайды.

5. «Қазақстан бойынша саяхатта» тапсырмасы (топта)
Әр топ өз облысының картасын, энциклопедияны зерттеп, постер дайындайды :
- Қандай туристік нысандарды атауға болады?
- Туристер неге бұл орынды таңдайды?......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий