Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн? (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Өз шығындарыңды қалай жоспарлаған жөн?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу
3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
• «отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу;
• өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
• өз шығындарының "төлқұжатын" құру.

1. «Сөзді тап» тапсырмасы (ұжымда)
Оқушылар сөзді табу керек.
"Ол мемлекеттік, отбасылық, жеке болуы мүмкін. Не жайлы айтып отырмыз?»
Оқушылар өз болжамдарын айтады, дәлелдейді.
Жауабы:БЮДЖЕТ
Талқылауға арналған сұрақтар:
- Бюджет туралы не айта аласыңдар?
- Отбасы табысы неден құралады?
- Отбасы ақшаны қайда жұмсайды?
- Бүгінгі сабақ тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Мұғалім сабақ мақсаттарына жетелейді.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- «отбасылық бюджет» және «жеке шығындар» дегенді білу;
- өз шығындарын жоспарлау және негіздеу;
- өз шығындарының "төлқұжатын" (паспортын) құру.
3. «Кіріс-шығыс» тапсырмасы (жұпта)
"Ақша шығындары" мәтінін мұқият оқып шығуды ұсыныңыз (дидактикалық материалды қараңыз). Бір оқушы «кірістер», екіншісі – «шығыстар» санатын таңдайды.
Осы сөздерді пайдаланып, әр санатқа көбірек мысалдар келтірулері керек. Тепе-теңдікті ұстап тұру үшін бюджетті қалай тұрақтандыруға болатыны жайында талдау жүргізіледі.
Бағалау критерийлері:
• «Кірістер мен шығыстарға» мысалдар келтіреді.

4. Рөлдік ойын «Кірістер мен шығыстарды санаймыз» (топта)
- Оқушыларды 4-5 топқа бөліп алыңыз. Әрбір топ-бұл отбасы. Рөлдерді өзара бөліп алады: ата-аналар және балалар. Ойдан құрастырып бір отбасының тегін таңдайды.
- Оқушыларға отбасы табыстары мен шығыстары кестесінің үлгісін таратыңыз. Оқушылар отбасының табыстары мен шығындарын есептеп, кестені толтыруы керек.
- Әр отбасы өз жұмыстарын таныстырады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 555



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі