Жер бетінің табиғи нысандары (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Жер бетінің табиғи нысандары (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қоршаған орта
Сабақ тақырыбы: Жер бетінің табиғи нысандары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу): 2.2.3.1 Ірі табиғи нысандардың (тау, жазық, көлдер мен өзендер) шаруашылық маңызын анықтау
Сабақ мақсаттары: Жер бедерімен танысу, олардың шаруашылыққа маңызын анықтау.

1. Ұйымдастыру кезеңі.
Мақсаты: оқушыларға психологиялық ахуал тудыру, бір-біріне көмектесе білуге, қоршаған ортаға жақсылық жасауға баулу.
Психологиялық дайындық:
Оқушылар шеңбер құрып, өлең жолдарын оқиды, қимылмен көрсетеді.
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!

(Ұ) Суретпен жұмыс
Мақсаты: суреттердің атауын анықтау арқылы сабақтың мақсатын табу.Оқушының қызығушылығын арттыру.
Суреттер:
-тау;
-Өзен
-көл;
-Шөл дала;
-Төбе.
-Балалар бұларды бір сөзбен қалай атауға болады?
/Оқушылардың жауабы тыңдалады/.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Бағалау критерийлерін шығару.
(Ұ, МК) Жер бедерімен танысу.
Мақсаты: оқушылардың сыни ойлауын дамыту, бір-бірімен ақпарат алмасу.
-Балалар, қалай ойлайсыздар, неліктен «Жер бедері» деп аталған?
- «Бедер» сөзін қалай түсінесіздер?
- Бедер сөзін қандай сөзбен ауыстыруға болады?
-Жер бедерінің қандай екендігін біз қайдан көре аламыз?
/Глобус арқылы/
(Т) Глобуспен жұмыс.Кесте.
Мақсаты: Жер ғаламшарындағы ірі табиғи нысандармен танысу, оларды ажырата білуге баулу.
Тапсырма: Глобусқа қарай отырып, кестені толтырыңыз.........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий