Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

 Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері (Дүниетану, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бізді қоршаған әлем
Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемелеу): 2.3.5.1 Қазақстанның негізгі туристтік объектілерін атау
Сабақ мақсаттары: Мұғалім сұрағына байланысты, қажетті ақпаратты дереккөздерден таба білу
Қазақстанның негізгі туристтік объектілерін атау
Қазақстанның туристтік объектілерін картадан көрсету
Бақылау нәтижесін белгілеу.

1) Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.
Көптен күткен қоңырау,
Соғылды сабақ басталды.
Зерттеу, іздеу, тапқырлық.
Міне, тағы басталды.
Әр сабақта ізденіп
Ойлап таптық үйрендік
Қызықтардың бәрі бар,
Кірісейік , іске сәт!
Өткенді қайталау.«Мен- саған,сен-маған» ойыны арқылы
1. Турист деген сөзді қалай түсінесіңдер?
2. Саяхаттың қандай түрлерін білесіңдер?
3. Қай жерге саяхатқа барғанды ұнатасыңдар?
4. Адамдар саяхатқа неге шығады?
5. Біздің қандай жерге саяхатқа бардыңдар?
6. Қазақстанның қандай демалыс орындарын білесіңдер?
Қызығушылықты ояту. Проблемалық сұрақ:
Қазақстандағы танымал туристік орындарды білесіңдер?
Оқушылардың жауаптарын тыңдау.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы танымал туристік орындардың ерекшеліктері.
Мақсатын оқушылар ашу. Қазақстанның негізгі туристтік объектілерін атау.Картадан көрсету.

Қазақстанның негізгі туристік орталықтары бар үлкен картасын көрсету. Бұл не екенін және нені көрсетіп тұрғанын түсіндіру. Оқушылардың жұптары кез келген туристік орталық туралы сұрағылары келетін сурақтарды ойластыруда. Электрондық тақтаны қолданып оқушының сұрағына жауап бергенде картадан туристік объектілердің суреттерін/фотосуреттерін көрсету

Жұппен жұмыс.
Туристер тобының суретін көрсету немесе таратып беру. Олар кім екенін және не істеуі мүмкін екендігін сұрау. Оқушыларға олардың демалып жүрген жерлерін және сол өңірдегі қызық орындарды зерттеп және танып жатқандардықтарын анықтауға көмектесу үшін көмек беру.

Мұғалімнің іс-әрекеті:
Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий