Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 1-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

 Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 1-сабақ (Дүниетану, 1 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тағам және сусын»
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда өндірілетін азық-түлік өнімдері 1-сабақ
Оқу мақсаты: 1.1 Мен және менің отбасым
1.1.1.5 Тұтыну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау
Сабақ мақсаттары: Оқушылар Қазақстанда өндірілетін негізгі тағам өнімдерімен танысып,
өсімдік және мал өнімдері түрлерін ажыратады.
Тағамдарды өндіретін адамдардың еңбегін түсінеді.Қазақстан картасынан негізгі тағам өндіретін өңірлерді көрсете алады.

1. 1. Өткен сабақты қайталау:
-Тағамдарға не жатады? Қандай сусындарды жақсы көресін? Пайдалы тағамдарға не жатады? Пайдасыз тағамдарға не жатады? Жармадан не жасалады?
(Тірек сөздер: тағам, сусын, жарма, ботқа, пайдалы тағамдар, зиянды тағамдар, жаңғақ, ұлттық тағам, тағамның құрамы)
2. Мұғалім тұсбағдардың суретін көрсетеді:
-Бұл не? Тұсбағдардан не көреміз? (тұсбағдар, тұстарды көреміз)
3. Картанын суретін көрсету.
-Бұл не? Картадан Қазақстанның төрт тұсын анықтап шығайық...(Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан).
4. Мұғалім:
-Бүгінгі сабақта Қазақстанда не өндіріледі, Қазақстан қандай өнімдер өндіреді, өнімнің құрамы туралы айтамыз.
5. -Бүгінгі сабақ саяхат түрінде өтеді.
(Т,Ұ,МК)Суретпен жұмыс.

Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз ойларымен бөліседі.
Өнімдерді тегін алу үшін не істеу керектігі талқыланады. Оқушылар еңбек жайлы өз ойларын айтады.
Оқушылардың жауаптарын толықтырып, өнім, ақша терминдерін еңгізу.

(Т,Қ) Мақал-мәтелмен жұмыс.
Тапсырманың тәрбиелік мәнін күшейту үшін «Еңбегің қатты болса, татқаның тәтті болар» мақаланың мағынасын қалай түсінгендерін сұрау. Оқушылар мақалдың мағынасын топ ішінде талдайды. Оларға нәтижеге қол жеткізу үшін көп еңбек ету қажет екені туралы тұжырым жасауға көмектесу.
Сергіту сәті:Өнім жинау туралы
Ормандағы аюдың құлпынайы көп екен.
Құлпынайын қазір біз, теріп-теріп аламыз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 532



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі