Суасты мекендеушілері. Тасбақа (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

 Суасты мекендеушілері. Тасбақа (Көркем еңбек, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Су - тіршілік көзі
Сабақ тақырыбы: Суасты мекендеушілері. Тасбақа
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.2.1.1 Қоршаған ортаның визуалды элементтерін әртүрлі тәсілдермен құралдарды үйлестіре отырып бейнелеу
3.3.3.1 Шығармашылық жұмысты бағалау және жақсартуға идеяларды ұсыну
Сабақ мақсаттары: • Штрихтау әдісін қолдану арқылы тасбақа сауытының өрнегін немесе тасбақаны бейнелеу;
• Шығармашылық жұмысты бағалау және жұмысты жақсарту бойынша идеяларды ұсыну.

Сабақ тақырыбына кіріспе
Сабақ тақырыбы мен мақсатымен таныстырыңыз.

Теңіз тасбақаларының суреттерін көрсетіңіз. Оқушыларға тасбақалар мен олардың сауыттарындағы өрнектерге назар аударуларын сұраңыз.
Сұрақтар:
• Бауырмен жорғалаушылар туралы не білесіздер?
• Олардың пішіндері қандай?
• Қалай орналасқан?
• Қандай түстерді байқап отырсың?
Оқушыларға тасбақалардың ең ежелгі бауырымен жорғалаушылардың бірі екендігін және Қазақстанда тасбақаның екі түрі тіршілік ететіндігі жәйлі баяндаңыз.
Батпақты жер тасбақасы тұщы су жануарына жатады. Ал ортаазиялық тасбақа құрлықтық түрге жатады.
Эксперимент жасау
Тапсырманы орындау үшін оқушыларға ақ қағаздар мен штрихтауды орындау үшін әртүрлі материалдарды таратыңыз: жұмсақтығы әртүрлі материалдар, пастель, балауыз борлары. Оқушыларға штрихтаудың бірнеше әдісін көрсетіңіз.
Сұрақтар:
• Штрихтардың (сызықтардың) жиілігі суретті қалай өзгертеді?
• Сирек әрі біршама қалың штрихтармен салынған суреттерді салыстыр. Нені байқадың? - Суретке штрихтар¬дың көмегімен қалай көлем беруге бола¬ды?
• Нені өзгерту қажет: олардың бағытын ба немесе жиілігін бе?

Штрихтау кезіндегі тон қиылысқан сызықтардың саны, басу күші мен штрихтің жуандығына байланысты болады. Штрихтау тек тонды ғана емес, сонымен қатар жазықтықтың фактурасын жеткізеді. Ол үшін қисықсызықты, сынған тәрізді, доғал тәріздес штрихтарды қолданады.

Тәжірибелік жұмыс
Тасбақаны салу жолдарын зерттеңіз. Тасбақаны орындап, оның сауытындағы өрнектерді штрихтау арқылы көрсетіңіз.

Жұмысты аяқтаған оқушыларға келесі сұрақтарды қойыныз:
Жұмысты аяқтау үшін суретке тағы қандай бөлшектер қосуға болады?
Тасбақаңның қайда мекен ететінін көрсету үшін ненің суретін саласың?........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 355



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!