Үлкен саяхат (Көркем еңбек, 2 сынып, IV тоқсан)

 Үлкен саяхат (Көркем еңбек, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Үлкен саяхат
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.4.2 Қоршаған ортаны бейнелеу барысында, кеңістік жайлы ерекшеліктерді қарастыру.
2.2.2.1 Қарапайым әдістер мен техникаларды пайдаланып, материалдарды және құралдарды қолдану, эксперимент жүргізу.
2.3.1.1 Жұмыстың негізгі идеясы мен орындалу барысын түсіндіріп, таныстыру
Сабақ мақсаттары: • Жаңа техникамен танысып, оның қарапайым мозайканың аппликациядан ерекшелігін түсінеді;
• Түрлі материалдардан тәжірибе жасап көріп, «Айкөлікпен» саяхат атты картинасын дайындайды.

1. Ұйымдастыру. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
• Жаңа техникамен танысып, оның қарапайым мозаиканың аппликациядан ерекшелігін түсінеді;
• Түрлі материалдардан тәжірибе жасап көріп, «Айкөлікпен» саяхат атты картинасын дайындайды.
2. Сабаққа қатысты деректі материалдар.
«Айкөлік» - бұл Айдың бетінде нәтижелі жұмыс атқарған әлемдегі бірінші аппарат. Айды зерттеуге арналған кеңістік «Айкөлік» аппараты қашықтықтан басқарылатын, өзі жүретін құрылғылар қатарына жатады. Космонавтика саласындағы тұңғыш айкөлік Айға кеңістік ғарыштық аппаратпен 1970 жылы жеткізілген.
Мозаика- сәндік- қолданбалы өнер түрі. Мозаика деп сондай- ақ ағаш, шыны, мәрмәртас және т.б. сынығынан жасалатын бұйымды (кейде өрнекті) да атайды. Мозаика ерте дәуірлерде пайда болған, ол ғимараттар мен тұрғын жайларды безендіруде қолданылады.
Ең тұңғыш және ең ірі ғарыш айлағы Қазақстан аумағында орналасқан. Ол «Байқоңыр» деп аталады.
3. Практикалық бөлік. Жекеше жұмыс түрі.
Тапсырма. «Айкөлікпен» саяхат жұмысын орындау.
Олар алдымен басқа ғаламшарда не көретіндерін ойша елестетеді, сосын оны бейнелеуге тырысады. Жұмыстың негізі ретінде қара түсті, қоңыр түсті немесе қою көк түсті қағазды алуға болады. Оған алдымен өз бетінше фон салады, одан кейін желімдеуге кіріседі. Оқушылар ғарыш кеңістігін жасау барысында өз қалаулары бойынша қағаздан басқа да материалдарды қолдана алады. Ең бастысы, өздерінің жұмыстарында мозайка техникасын қолдану қажет.
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін еске салып отыру қажет.
Қағаз қиқымдары неғұрлым ұсақтау болса, соғұрлым әдемі болатындығын айту. Желімді негізге емес, қағаз қиқымдарына жағу арқылы жұмыс таза және ұқыпты орындалатындығын айту қажет.
Саралау.
Кейбір оқушылар айкөліктің шаблондарын қолданады, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі қажет болады.

Кері байланыс:
Сурет қандай түспен орындалуда? Сендерге мозайкамен жұмыс істеу ұнайды ма? Қиындық туындаған жоқ па?........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 442



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?