Саяхат жалғасуда! Дөңгелектер мен осьтер қалай қозғалады? (Көркем еңбек, 2 сынып, IV тоқсан)

 Саяхат жалғасуда! Дөңгелектер мен осьтер қалай қозғалады? (Көркем еңбек, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Саяхат жалғасуда! Дөңгелектер мен осьтер қалай қозғалады?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.1.5.1 Бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсініп, материалдар мен оларды байланыстыру тәсілдерін анықтау.
2.1.6.1 Шығармашылық идеяларды дамыту барысында, белгілі бір ақпарат көздерінен деректер жинақтау.
Сабақ мақсаттары: Материалдарды байланыстыра отыра, бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсінеді.
Шығармашылық идеяларын дамыту үшін ақпарат көздерін қолдана алады.

1. Ұйымдастыру. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
Материалдарды байланыстыра отыра, бұйым мен пішіннің қалай жасалғанын түсінеді.
Шығармашылық идеяларын дамыту үшін ақпарат көздерін қолдана алады.
2. Зерттеу жұмысы. Тапсырма №1. Топтық жұмыс түрі.
Оқушыларға конвертке салынған көліктің бөлшектері беріледі. Әр топ өздеріне түскен бөлшектерден көлік құрастыру қажет. Бұл арқылы оқушылар көліктерінің атауларын, бөлшектерінің қажеттілігін біле алады.
Тапсырма №1. Берілген бөлшектерден көлік құрастырыңыздар.
Оқушылар әртүрлі көлік құралдарын (дөңгелектер, осьтер, шасси, шанақ, кабина) бөлшектерге бөліп және қайта біріктіріп жинай отырып (яғни аспаптарды пайдалана отырып), олардың қалай үйлесетіндігі туралы ойлай отырып талқылайды.
Кері байланыс:
Сіз қалай ойлайсыздар, дөңгелек пен ось не үшін қажет? Олар көліктің қай бөлігінде орналасқан?
Сіздердің ойларыңызша, олар қалай жұмыс жасайды?
Осы сұрақтар оқушылардың дөңгелек пен ось құрылымдарын жасау кезінде олар туралы ойлай алуы үшін қажет болады.
3. Практикалық бөлік. Жекеше жұмыс түрі.
Тапсырма №2. Көлік дөңгелегі мен осьтерін жасау.

Оған кез-келген екі әдістің бірімен қол жеткізуге болады:
• Осьтер үшін сусын ішетін/ конструкторлық сабан түтікшелерді және дөңгелек тәрізді картонды шеңберлерді пайдалану. Осьтер үшін саңылау жасау үшін тескішті пайдалану. Карта шассиге (көлік құралының астынан) бекітілуі немесе жабыстырылуы қажет.
• Сабан түтікшені өзінің моделінің түбіне бекітетін ось ретінде пайдалану, одан кейін байланыстырушы штифт деп аталатын шеңбер ағаштардың ұзындығына кейбір картон дөңгелектерді немесе бөтелкелердің қақпақтарын бекіту. Алдымен бір доңғалақты бекіту, содан кейін сабан түтікше арқылы штифтіні басу және басқа дөңгелекті бекіту.
Оқушыларға олардың бөлшектерді, барлық құрылымның күшін және қозғалыстың жеңілдігін қаншалықты жақсы бекітетіндігін ескеру қажет болады.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 363



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!