Кемелер көлік ретінде (Көркем еңбек, 2 сынып, IV тоқсан)

 Кемелер көлік ретінде (Көркем еңбек, 2 сынып, IV тоқсан)

Пән: Көркем еңбек
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Саяхат
Сабақ тақырыбы: Кемелер көлік ретінде
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 2.2.3.1 Әртүрлі тәсілдермен материалдарды және компоненттерді өлшеу, белгілеу, қию, формасын келтіру, жинақтау, қосу және біріктіру
Сабақ мақсаттары: • Қағаз кемелерді дайындаудың түрлі тәсілдерімен танысады.
• Қағаз кемені дайындау барысында өлшеу, белгі соғу, сызық ізімен қиып алу, бөлшектерді жапсыру, біріктіру және құрастыру дағдыларын дамытады.

1. Ұйымдастыру. Амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту:
• Қағаз кемелерді дайындаудың түрлі тәсілдерімен танысады.
• Қағаз кемені дайындау барысында өлшеу, белгі соғу, сызық ізімен қиып алу, бөлшектерді жапсыру, біріктіру және құрастыру дағдыларын дамытады.
2. Зерттеу жұмысы. Топтық жұмыс түрі. (Жазбаша) Тапсырма №1. Берілген кеменің нұсқаларын қарастырыңыздар.
Бұл тапсырма қағаздан жасалған кемелердің үлгілерін қарастыруға және талдауға арналған. Олар бірнеше үлгілерден практикалық жұмыс үшін қажетті бір үлгісін таңдауы қажет. Оқушылар жұмыс жоспарын құрып, жазбаларын альбомда жазады.
3. Практикалық бөлік. Жекеше жұмыс түрі.
Тапсырма №1. Қағаздан кеме жасау.
Көлемді пішіндерді құрастыруға байланысты бірнеше нұсқалардың ішінен өздері ұнатқан нұсқаны таңдап, қағаздан кеме жасайды. Олардың назарын әрекеттерді дәл орындаудың қажеттігіне аудару қажет. Жекелеген бөлшектерді немесе бөліктерді нұсқаулыққа сәйкес дұрыстап құрастыру қажеттігін айту керек. Кеменің борты үшін құс немесе аң формасындағы қағазды қиып, корпусқа жабыстыруға болады. Қағазды түтікше етіп бұрау арқылы діңгекті жасауға болады немесе сок ішетін трубкаларды қолдануға болады. Барлық бөлшектері (корпус, борттары, желкен, діңгегі, жалаушасы) дайын болған соң біріктіру қажет.
Саралау.
Кейбір оқушылар кемелерді жасаудың шаблондарын қолданады, ал кейбіріне мұғалімнің көмегі қажет болады.

Кері байланыс:
Қалай ойлайсыздар, кеме су бетінде қалқып тұру үшін қандай материал таңдау қажет?

5. Таныстырылым.
Шығармашылық жұмыстарын орындап болған соң, әр оқушы өздерінің жасаған кемелері туралы қысқаша айтып өтеді.
Менің кемем …
Оның пішіні …
Менің кемем (кемемде) … арналған........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 370



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі