Геометриялық ықтималдық 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

 Геометриялық ықтималдық 3-сабақ (Алгебра, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Мәтін есептерді шешу
Сабақ тақырыбы: Геометриялық ықтималдық 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.3.2.5 есептерді шешуде геометриялық ықтималдықты қолдану;
Сабақ мақсаттары: • Есептерді шешуде геометриялық ықтималдықты қолдану дағдысын қалыптастыру.
• Оқушыларды «кездесу» туралы мәтін есепті геометриялық ықтималдықтың көмегімен шешуді үйрету.

1. Ұйымдастыру сәті..
Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру
2. Білімді өзектендіру:
1) Геометриялық ықтималдық деп нені айтамыз?
2)Қандай жағдайда оқиғаның ықтималдығы геометриялық ықтималдықтың көмегімен анықталады?
3) Қандай жағдайда оқиғаның ықтималдығы классикалық ықтималдықтың көмегімен анықталады?
Ауызша жұмыс:
Мұғалімнің іс-әрекеті: ауызша сұрайды,презентация бойынша тапсырма ұсынады.
Оқушының іс-әрекеті: басқа оқушылармен тталқылайды және сұрақтарға жауап береді .
Бағалау: өзін өзі бағалау
1.Кездейсоқ лақтырылған нүкте қабырғасы 4 болатын ABCD шаршысының ішінде орналасқан қабырғасы 3-ке тең шаршысына түсу ықтималдығын табыңыз.
Жауабы. 9/16.
2.Ұзындығы 3-ке тең АВ кесіндісінде С нүктесі кездейсоқ пайда болады. С нүктесінен В нүктесіне дейінгі қашықтық 1-ден артық болуының ықтималдығын анықтаңыз.
Жауабы: 2/3.
3.Радиусы 5-ке тең дөңгелекке ауданы ең үлкен болатын үшбұрыш іштей сызылған. Дөңгелекке кездейсоқ лақтырылған нүктенің үшбұрышқа түсу ықтималдығын анықтаңыз.
Жауабы: .

2. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Мақсаты: оқушыларды сабақтың мақсатын қорытып шығаруға бағыттау
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушыларға келесі есепті ұсынады:
Есеп №1.
Жұмысшы бір біріне тәуелсіз жұмыс жасайтын екі станокты бақылайды. Көп жылғы бақылау әрбір станоктың (бір біріне тәуелсіз) орта есеппен бір сағатта жұмысшының 10 минут бақылауын қажет ететіндігін көрсетті. Жұмысшы бірінші станокты бақылау кезінде екінші станоктың да бақылауды қажет ету ықтималдығын анықтаңыз.
Оқушының іс-әрекеті: мұқият тыңдайды және берілген есепті шешуге тырысады.
Мұғалімнің іс-әрекеті :
Оқушыларды сабақтың мақсатына бағыттайды:
Сонымен, біз бүгін «кездесу»-ге берілген есептермен мағыналас есептерді қарастырамыз. Сабақтың тақырыба мен оқыту мақсатымен таныстырылады.

Мұғалімнің түсіндіруі:
Мұндай есептерді шешуде оның геометриялық әдіспен шешу керектігі бірден көрінбейді. Сондықтан есептің шартына толық талдау жасап, келесі кезеңдерге көңіл аудару қажет........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий