Теңсіздіктер жүйелерін шешу 2-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 2-сабақ (Б-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 2-сабақ (Б-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.10 біреуі сызықтық, екіншісі - квадрат теңсіздік болатын екі теңсіздіктен құралған жүйелерді шешу;
құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу;
Сабақ мақсаттары: • Қосымша шарты бар, біреуі сызықтық, ал екіншісі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу;
• Екі квадрат теңсіздіктерден тұратын теңсіздіктер жүйесін шешеді;
• Теңсіздіктер жүйесін шешу арқылы функцияның анықталу облысын табады және алгебралық өрнектің мүмкін мәндер жиынын табады.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім оқушыларға біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық теңсіздіктерден тұратын теңсіздіктер жүйесін шешуге тапсырманы ұсынады.
1. х-тің қандай мәндерінде өрнектің мағынасы болады:
2х/√(х^2-6х+8)-√(2х+1).
2. Теңсіздіктер жүйесінің ең кіші бүтін шешімін табыңыз:
(&-3x^2+6x+9>0,@&4-3x≥-2.)┤
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар өзін-өзі бағалауды орындайды, презентациядағы дайын жауаптарды қолданады.

3. Өздік жұмыс.
Мұғалім оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шешу дағдысын дамытуға арналған тапсырманы орындауды ұсынады, олардың біреуі- сызықтық, ал екіншісі – квадраттық. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Оларға көмек көрсетілмейді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды, кері байланыс береді, типтік қателерге талдау жасайды. Оқушылардың 8.2.2.10. оқу мақсаты бойынша жетістік деңгейін анықтайды.

4. Жаңа тақырыпты меңгеру.
Мұғалім оқушылардың естеріңе алдыңғы сабақта біреуі – сызықтық, ал екіншісі – квадраттық теңсіздіктерден тұратын теңсіздіктер жүйесін шешкенін айтады. Енді екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жүйесін шешу қарастырылатынын атайды.
Осыдан кейін оқушыларға теңсіздіктер жүйесін шешу алгоритмін ескертеді. .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 364



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі