Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

 Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (А-бөлім) (Алгебра, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Теңсіздіктер
Сабақ тақырыбы: Теңсіздіктер жүйелерін шешу 1-сабақ (А-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.11 құрамында екі квадрат теңсіздігі бар жүйелер мен жиынтықтарды шешу
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
• Теңсіздіктер жүйесін немесе жиынтығын құрады;
• Квадрат теңсіздіктерді шеше алады;
• Теңсіздіктер жиынтығын шеше алады;
• Теңсіздіктер жүйесін шеше алады.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау.
Мұғалім оқушылармен екі квадрат теңсіздіктен тұратын теңсіздіктер жиынтығын шешу алгоритмін қайталайды. Бұл қайталауды «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы жүзеге асырады. Оқушылар бір-біріне таратылған келесі сұрақтарды қояды:
- Теңсіздіктер жиынтығы дегеніміз не?
- Теңсіздіктер жиынтығы қалай шешіледі?
- Жиынтықтың соңғы шешімі қалай табылады?

3. Теңсіздіктер жүйелері мен жиынтықтарына есеп шығару.
Мұғалім оқушыларды кіші топтарға біріктіреді, оқушылар топтарда тапсырманы орындауларын талқылайды.
№1-тапсырмада оқушылар берілген график бойынша теңсіздікті шешеді, яғни оның таңба тұрақтылық аралықтарын табады. Графикті оқу дағдысы өте маңызды дағдылардың бірі болғандықтан, олар теңсіздіктің шешімін визуалды түрде елестетуге көмектеседі. Бұл тапсырма құрылымдалған, сонымен қатар, оқушылар үшін жаңа болғандықтан, мұғалім топтарға өз беттерімен уақыт бергеннен кейін, оларға бағыт-бағдар көмек көрсете алады. Қажеттілігінше бүкіл сынып талдауын өткізуге болады.

№1 тапсырманың дескрипторы. Оқушы:
- График бойынша теңсіздіктің жауабын жазады;
- Квадрат теңсіздікті қанағаттандыратын шешімді дұрыс табады;
- Сан аралықтарын дұрыс біріктіреді;
- Жиынтық жауабын дұрыс жазады......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий