Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

 Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері (Алгебра, 7 сынып, IV тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Геометриялық салулар
Сабақ тақырыбы: Шеңбер, дөңгелек және олардың элементтері
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.3.1.28 шеңбер мен дөңгелектің және олардың элементтерінің (центр, радиус, диаметр, хорда) анықтамаларын білу;
Сабақ мақсаттары: • Шеңбер және оның элементтері тақырыбы бойынша жаңа ұғымдармен таныстыру.
• Оқушылардың математикалық сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына, ақпараттық мәдениетініңсауатты қалыптасуына ықпал ету;
• Тақырып бойынша білімдерін тереңдету.

І.Ұйымдастыру.
- Оқушылармен амандасу, түгендеу;
- Сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару;
- Ынтымақтастық атмесферасын орнату;
- Үй тапсырмасын тексеру;
- Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбы, оқыту мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.

ІІ. Өткен сабақ бойынша алған білімдерін қайталау.
Оқытушы:
Интерактивті тақтадан презентацияның 2-ші слайдын көрсетеді. Оқушыларға алдын-ала дайындалған сұрақтарды кезекпен оқып отырады.
Оқушы:
Кезекпен тақтаға шығыпоқылған сұрақтардың жауабын сәйкес жолға бір тор көзге бір әріптен жазады.
Сөзжұмбақты шешкенде біздің жаңа тақырыбымыздың атауы шығады.
Сұрақтары:
1. бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден тұратын фигура? (үшбұрыш)
2. екі қабырғасы тең үшбұрыш? ( тең бүйірлі)
3. барлық қабырғалары тең үшбұрыш ? (теңқабырғалы)
4. бұрышты қақ бөлетін сәуле? (биссектриса)
5. үшбұрыштың төбесін қарсы жатқан қабырғаның ортасымен қосатын кесінді? (медиана)
6. бұрышты өлшейтін құрал? (транспортир)

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту.
Оқытушы:
Презентацияның 3-8 слайдтарын кезекпен арасына жеткілікті уақыт салып көрсетеді. Оқушылардың ақпараттың мазмұны бойынша қойылған сұрақтарына жауап береді.
Оқушы:
Кезекпен көрсетілген ақпараттарды оқиды. Көрсетілген ақпараттарды дәптерге конспекті жасайды.
Анықтама. Берілген нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелерден тұратын геометриялық фигура шеңбер деп аталады. Берілген нүктені шеңбердің центрі деп атайды. Шеңбердің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді радиус деп аталады.
О нүктесі – шеңбердің центрі, АО – радиусы.
Белгіленуі: R немесе r.
(O, R) – центрі О нүктесі болатын,
радиусы R-ге тең шеңбер......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 777



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!