Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 2-сабақ (Геометрия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Шеңбер. Көпбұрыштар
Сабақ тақырыбы: Іштей және сырттай сызылған төртбұрыштар 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.1.2.1 шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін білу және қолдану;
Сабақ мақсаттары: шеңберге іштей және сырттай сызылған төртбұрыштардың қасиеттері мен белгілерін біледі және қолданады.

1. Сыныпты ұйымдастыру.
Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй тапсырмасын тексеру
2. Оқушылармен диалог орнату арқылы алдында өтілген тақырыптар бойынша сұрақтар қойып жауап алу.
3. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

Жаңа сабақ түсіндіру
Оқушыларды алдан ала екі топқа бөлініп отырады (оқушыларды алдын ала сабақ меңгеру деңгейіне байланысты бөлемін ).
Екі топқа төртбұрыштар сызылған қағаздар ұсынылады.
Бірінші топ оқушыларға оларға бірнеше қағаз бетіне сызылған төртбұрыштарға іштей шеңбер салуды ұсынамын.
Екінші топ оқушыларға бейнеленген төртбұрыштарға сырттай шеңберді салуды ұсынамын.

Тәжірибе нәтижесін оқушылармен талқылаймын және қорытынды ретінде келесі тұжырымдарды анықтауға оқушыларды жетелеймін
• Ромбқа шеңберді тек іштей салуға болады.
• Тіктөртбұрышқа шеңберді тек сырттай салуға болады.
• Квадратқа шеңберді іштей салуға да, сырттай салуға да болады.
• Жалпы түрдегі параллелограммға шеңберді іштей салуға да, сырттай салуға да болмайды.
• Трапецияға шеңберді іштей және сырттай салу мүмкіндігі трапецияның түріне байланысты.
Оқушылардың назарын қай кезде төртбұрышты шеңберге іштей салуға болатындығы шартына және қай кезде төртбұрышқа сырттай шеңбер салуға болатындығы шартына аударыңыз.

Екі топқа келесі екі теореманы (презентация) дәлелдеуді ұсыныңыз. Қажет болған жағдайда топтарға бағыттаушы сұрақтар қою арқылы теореманы дәлелдеуге жетелеңіз. Мұғалім топтардың жұмысын тексереді.Сыныпта өзара оқыту процесін ұйымдастырыңыз. Екі топ оқушыларының теоремаларды постерде бір-біріне түсіндіруге жағдай жасаңыз.

Жеке жұмыс
Әр оқушы жаңа сабақты қаншалықты дұрыс меңгергенін жеке жұмыс арқылы тексеремін (bilimland тапсырмалары). Оқушылар жеке жұмыс тапсырмаларының жауаптарын қолдарындағы жауап парағына жазып көрсетеді. ......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 642



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі