Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тікбұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координаталармен берілген екі нүктенің арақашықтығы
Осы сабақта қолжеткізілетіноқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): жазықтықтағы екі нүктенің арақашықтығын олардың координаталары арқылы есептейді;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар:
- екі нүктенің арақашықтығын фомуланы қорытып шығара алады;
- екі нүкте арақашықтығын табатын формуланы қолдана алады;

Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу. Бүгінгі сабақ мақсатын жариялау. Күтілетін нәтижемен таныстыру.
Үй жұмысын талдау.
Декарттық координаталар жүйесін еске түсіру үшін оқушылар сұрақтарға ауызша жауап береді:
Координаталар жүйесі дегеніміз не?
Ширектерді қалай анықтаймыз?
Жазықтықта нүктенің координатасы қалай анықталады?
ОХ және ОУ өстері қалай аталады?
Ширектердегі координаталардың таңбалары қалай болады?
Пифагор теоремасын айтыңыз.
Жұптық тапсырма.
1-тапсырма.
Жазықтықта келесі нүктелерді белгілеңіз:
А(-5;3), B(-2;-4), C(5;0), D(0;-3), E(5;-2), F(3,4)
2-тапсырма.
Жазықтықта көрсетілген нүктелердің координаталарын анықтаңыз.

Бағалау: жұптар жауаптарын ауыстырып өзара тексереді.
Топтық жұмыс.
1-тапсырма.
Сыныпты топтарға біріктіріңіз. А(0;0) және В(4;3) нүктелерінің арақашықтығын табуды ұсыныңыз.
Қажетті жағдайда қолданылатын бағыт-бағдар: Тікбұрышты үшбұрыш құрыңыз. Пифагор теоремасын пайдаланыңыз.
Әрі қарай А(2;2) және В(6;5) нүктелер үшін қарастырыңыз.

Тапсырма нәтижесі бойынша оқушылар белгілі бір заңдылықты анықтап, қорытынды жасайды.
Видео көрсетілім. Bilimland.kz
2-тапсырма.
Әр топ кезекпен тақтада GeoGebra бағдарламасында екі нүктені белгілейді, топпен бірлесе отырып оқушылар арақашықтықты анықтайды. Калькулятор қолдануға рұқсат етіледі, жауаптарды жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз.
Бағалау: Мұғалімнің пікірі, топтардың өзара бағалауы.
Жеке жұмыс.
Екі нүктенің арақашықтығын табыңыз. Жауабыңызды жүздік үлеске дейін дөңгелектеңіз.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 792



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!