Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (A-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

 Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (A-бөлім) (Геометрия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Геометрия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жазықтықтағы тік бұрышты координаталар жүйесі
Сабақ тақырыбы: Координатадағы есептерді шығару 1-сабақ (A-бөлім)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару
Сабақтың мақсаттары: Оқушылар:
• жазықтықта координаталары бойынша екі нүкте арасындағы қашықтықты есептеу;
• кесіндінің ортасының координатасын анықтау;
• центрі (a,b) және радиусы r шеңбер теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша шеңбер сызбасын салу;
• берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуін жазу;
• бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып теңдеуі бойынша түзу сызбасын салу;
• формулаларды қолдану арқылы есептерді шешеді: екі нүктенің арасындағы қашықтығы, кесінді ортасының координаттары, центрі (a, b) және радиусы r шеңбердің теңдеуі, түзу теңдеуі.

I. Ұйымдастыру кезеңі:
1) оқушылар назарларын жинақтау;
2) оқушылармен бірлесіп сабақ мақсатын/оқу мақсатын анықтау;
3) оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижені анықтау.

II. Білімдерін жаңарту үшін өткен материалды қайталау. Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ «8.1.3.20 координатадағы қарапайым есептер шығару» мақсаты бойынша білімдерін көрсетеді. Мақсатты мұғалім алдын-ала тақтаға жазып қояды.
І, ІІ топ постерге координатадағы барлық формулаларды жазады. ІІІ топ екі топтың жазғандарын талдайды, формулаларды салыстырады, сызбалардың және формулалардың ұқсастығы мен ерекшеліктерін атап көрсетеді .

Бағалау критериі:
- жазықтықтағы нүктелер ара қашықтығы олардың координаталарымен дұрыс көрсетілген;
- кесіндінің ортасының координатасын анықтайтын формула дұрыс анықталған;
- центрі (a,bжәне радиусы r шеңбер теңдеуі дұрыс жазылған;
- берілген екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуі дұрыс жазылған.
Мұғалім орындалған тапсырмаларға, координатадағы формулалардың қолданылғандығын көрсете отырып кері байланыс береді.

Теориялық материалды бекіту мақсатында оқушыларға презентацияны қарауды ұсыныңыз.

III. Топтардағы жұмыс.
Оқушылар топтарда әртүрлі фигуралар салады. Мотивациясы жоғары оқушылар консультант ролінде болады.
Мұғалім қажет болғанына байланысты оқушылар жұмыстарын бағыттайды және жұмыстарын бағалайды.
Бағалау критериі:
1.Координаталық жазықтықта нүтелер дұрыс белгіленген.
2. Сурет дұрыс салынған.

IV. Жұптардағы жұмыс.
Оқушылар жұптарда деңгейлік тапсырмалар орындайды. Жауаптарын мұғалімдегі дұрыс жауаптармен салыстырады. Мұғалім оқушылар жұмыстарын реттейді және формативтік бағалау жүргізеді.

Қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік тапсырмалар ұсынылады. Оқушылар өздері есеп шартын пайдаланып, белгісіз элементтерді анықтайды.
Қабілеті төмен оқушыларға консультация түрінде көмек көрсетіліп отырылады.

VI. Білім беру мақсатына қол жеткізу деңгейін бағалау «Құмырсқа илеуі» тапсырмасы көмегімен.
Оқушылар жаңа тақырып бойынша түсініксіз тапсырма бойынша бір сұрақ жазады. Егер оқушылар қиындық көрмесе, сыныптастар үшін қызықты сұрақ құрастыруы мүмкін. Тапсырма аяқталғаннан кейін оқушылардың жауаптары деңгейіне қатысты кері байланысты қамтамасыз ету үшін ұйымдастырылады.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 488



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі