Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

 Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ (Физика, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Магнит өрiсi
Сабақ тақырыбы: Ампер күші, сол қолы ережесі 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 10.3.4.2 - электр өлшеуіш құралдардың, электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру
Сабақ мақсаттары: • электр өлшегіш құралдардың классификациясын білу
• электр өлшеуіш құралдардың жұмыс істеу принципін түсіндіру
• электр қозғалтқыштың жұмыс істеу принципін түсіндіру.

І. Ұйымдастыру. Сынып ішіндегі тазалыққа, сынып оқушыларының сабаққа қатысымына назар аудару
Үй тапсырмасын сұрау мақсатындат оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Магнит өрісінің электр өрісінен айырмашылығы неде?
2. Магнит өрісінің күш сызықтары дегеніміз не?
3. Магниттің полюстері туралы не білеміз?
4. Ампер күші дегеніміз қандай күш?
5. Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?
6. Бұранда ережесі мен сол қол ережесін пайдаланып, параллель токтардың бір бағытта тартылатынын, ал қарама қарсы бағытта өтсе, тебілетінін қалай дәлелдеуге болады?
7. Магнит индукция векторының физикалық мағынасы қандай?
1-тапсырма: Сызбадағы қолданылатын шартты белгілерді дұрыс тауып, бағытталған кесінділер арқылы көрсету. Осы кезеңде жұптық бағалау жүргізіледі.
Слайдта көрсетілген электр құралдары бойынша оқушылар құралдарды анықтайды. Сабақтың тақырыбын анықтап, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін құрады. Кейін шағын топтарға бірігіп, құралдың жұмыс істеу принципін талқылайды.
2-тапсырма
1-топ. Вольтметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
2-топ. Амперметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
3-топ. Омметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
4-топ. Ваттметрдің жұмыс істеу принципін зерттеу.
Оқушылар топта талқылап, кейін басқа топ оқушыларына жұмыстарын қорғап, қорытынды жасайды.
Осы кезде топтық бағалау жүзеге асырылады.
Демонстрация. Мұғалім оқушылармен трансформатордың жұмыс істеу принципін талқылайды.Эксперимент жүргізу. Трансформатор туралы шағын видео көрсетіледі
1.Төмендеткіш трансформатор.
2.Жоғарылатқыш трансформатор
Электр энергиясының қашықтыққа тасымалдануы. Оқушылардың ойлары тындалады және қосымша материал таратылады....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 559



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!