Шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтау. Толық ішкі шағылу 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

 Шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтау. Толық ішкі шағылу 1-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақтың тақырыбы: Шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтау. Толық ішкі шағылу 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.8 – тәжирибеге сүйене отырып толық ішкі шағылу құбылысын түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Оқушылар білуі керек:
- n=sinα/sinβ есептеуді ;
- тәжірибеде шыныныӊ сыну көрсеткішін анықтауды;
- толық ішкі шағылу құбылысыныӊ жүзеге келу шартын;
- толық ішкі шағылудыӊ шекті бұрышын есептеуді.

1. Өткен материалды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады.
a) Шағылу заңын тұжырымдаңдар
b) Сыну заңын тұжырымдаңдар
c) Сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді ме?
d) Сыну бұрышы түсу бұрышына тәуелді ме?
2. Ой қозғау. Ортаныӊ оптикалық тығыздығы дегеніміз не?
Оқушылар жұпта талқылайды, мұғалім олардың жауаптарына кері байланыс жасай отырып бүгінгі сабақтың оқу мақсатына бағыттайды.
3. Түсіндіру. а) Оқушыларға толық ішкі шағылу құбылысын демонстрациялаймыз.


Толық ішкі шағылу - оптикалық тығыздығы кіші болған ортадан (n2) жарықтың шағылу кұбылысы. Мұнда сыну болмайды, шағылған жарық интенсивтігі дерлік түскен жарық интенсивтігіне тең.

Егер жарық сыну көрсеткіші n болған ортадан ауаға қарай өтетін болса:

Жалпы жағдайда формула төмендегіше жазылады
; (n1 > n2)
– толық ішкі шағылудың шекті бұрышы.

b) Оқушылар өздік жұмыс жасайды. Толық ішкі шағылуды шыны призмада демонстрациялау
Керекті құрал-жабдықтар: PHYWE: Оптика-1


Толық шағылу құбылысы негізінде жұмыс жасайтын құралдар......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий