Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

 Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері 2-сабақ (Физика, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жарық құбылыстары
Сабақ тақырыбы: Көз - оптикалық жүйе, көздiң көру кемшіліктері және оларды түзету әдiстері 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.5.1.15 – көздің алыстан көргіштігі мен жақыннан көргіштігін түзетуді сипаттау
Сабақтың мақсаттары: - көздіӊ негізгі бөліктерін және олардыӊ қызметін білу;
- көздіӊ оптикалық жүйесін білу;
- көз торламасында пайда болған кескінніӊ қасиетін білу;
- көздіӊ аккомодациясын білу;
- көздіӊ ақауларын білу: алыстан көргіштік және жақыннан көргіштік;
- алыстан көргіштік және жақыннан көргіштікті түзетуді білу.

1) Оқушылар өткен материалды еске түсіру үшін төмендегідей сұрақтарға жауап береді:
a) Линзаның түрлерін атаңдар
b) Жинағыш линзада пайда болатын кескіндерді сипаттаңдар
c) Шашыратқыш линзада пайда болатын кескіндерді сипаттаңдар
d) Кескін алу үшін қанша сәуле жүргіземіз және олардың жүрісін сипатта
2) Ой қозғау: Адам өмірінде көздіӊ, көрудіӊ маӊызы туралы не білесіңдер? Оқушылар биология пәні бойынша алған білімдерін қолданып түсіндірулеріне болады.
3) Оқушылар топқа бөлінеді де, оқулықпен жұмыс жасайды.
1 топ. Алыстан көргіштік
2 топ. Жақыннан көргіштік
3 топ. Көздіӊ негізгі бөліктері және олардыӊ қызметі
Оқушылар топта жұмыс жасап болған соң таныстырылым жасайды немесе топтар бір- біріне түсіндіреді.
Мұғалім олардың таныстырылымдары бойынша кері байланыс жасай отырып толықтырулар енгізеді.
Көз ақауының алдын алу ережелерін түсіндіреді.
4) Сабақты бекіту. Теориялық материалды қалай игергендігін тексеру үшін тест тапсырмаларын орындайды

5) Кестені толтырыңдар......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 + 0 -

Добавить комментарий