Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

  Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды p-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Практикалық жұмыс № 3 «Кейбір аниондарға сапалық реакция» тақырыбына эксперименттік есептер шығару
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары: 10.2.1.43 хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат- иондарына сапалық реакцияны білу;
10.2.1.44 аниондарды анықтау бойынша тәжірибе жоспарын құру және оны іс –жүзінде жүзеге асыру;
Сабақ мақсаттары: Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат-, силикат иондарын анықтау үшін тесттерді жүргізе білу.
Берілегн сапалық талдау бойынша реакция теңдеулерін жаза алу.

Оқушыларды түгелдеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

(І)ӨТКЕН САБАҚПЕН БАЙЛАНЫС
Тапсырма сипаты: «Металл катиондарының жалын түсін ажырату». Бірінші оқушы металл катионын, екінші оқушы қандай түске ие болатының айтады. Осы бағытпен сынып оқушылары толық біткенше жалғасады.

Бағалау: Бірін-бірі бағалайды.
Кері байланыс: оқушы-оқушы.
Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбы, мақсаттары таныстырылады.

(G,E) №4 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тапсырма сипаты:
Тұз ерітінділеріндегі аниондарды анықтау зертханалық жұмысын:
-Хлорид-, бромид-, йодид-, сульфат-, карбонат-, фосфат-, нитрат, силикат иондарын анықтау үшін тесттерді жүргізе білу.
-Берілегн сапалық талдау бойынша реакция теңдеулерін жаза алу
жұмыс мақсаттары бойыншa жұпта нұсқаулыққа сәйкес орындайды.
Оқушы іс-әрекеті: Нұсқаулықпен танысады, құрал-жабдықтарды, реактивтерді тексереді, жұмыстағы қауіпсіздік ережесін анықтайды. Бақылау нәтижелерін кестеге толтырады.
Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушылардың жұмысын бақылайды. Бағалау жүргізеді.

ЖҰМЫСТЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАУ
Оқушылар тақтадағы кестеге анықтаған иондары және байқалған сигналдарды, реакция теңдеулерін жазады. Берілген кестеге талдау, қорытынды жүргізеді.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий