Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

 Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу» (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Спирттер
Сабақтың тақырыбы: Этил спиртін өндірісте алу жолдары. Көрсетілім «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»
Оқу мақсаты: 10.4.2.28 этанолды этиленді гидратациялау және глюкозаны ашыту арқылы алу реакциясының теңдеулерін құрастыру;
Сабақтың мақсаты: Оқушылар:
Этанолды әр түрлі жолдармен алу әдістерін танысып, алу реакция теңдеулерін құруға дағдылану

Ұйымдастыру кезеңі
Тапсырма №1 Жеке жұмыс

Суреттер арқылы этанолдың алу әдістерін ұсыныңдар
Этанолды алу жолдарының реакция теңдеулерін жазыңдар
Слайдта берілген суреттер бойынша оқушылар этанолдың алу жолдарын болжап, ұсынады

Сабақтың тақырыбы және оқу мақсаттарымен таныстыру
Сыныппен бірге сабақтың тақырыбы және мақсаты анықталады
Тапсырма № 2 Оқушылар топта этанолдың алу әдістерінің реакция теңдеулерін А3 қағазына жазады. Содан кейін басқа топтармен өзара алмасып, тексереді.
(жұмыс барысында оқушылар биологиядан ферментация тақырыбын және химиядан алкендердің химиялық қасиеттерін еске түсіреді)

Сыныптан екі оқушы шығып тақтаға реакция теңдеулерін жазады:
• Гидратация
• Ферментация
Өзара бағалау (басқа топтармен өзара алмасып, тексереді)

Дескрипторлар:
1.Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады
2. Гидратация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады

Тапсырма № 3 Көрсетілім: «Глюкозаны ашыту арқылы этил спиртін алу»
Бұл лабораториялық жұмыс зерттеу жұмысы ретінде ұсынылады. Оқушылар өздігінен жұмыстың барысын құрастырады, реакцияның бақылауын болжайды. Сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасайды.
Оқушылар жұмыс парағымен жұмыс жасайды.
Дескрипторлар:
1. Этанолды алуға арналған қондырғыны құрастырады.
2. Қант, ашытқы, жылы су, әк суын қолдана отырып, этанолды алу жоспарын сыныпта талдап, жоспарлайды.
3. Этанолды алу тәжірибесін орындайды.
4. Диаграммадағы бос орындарды толтырады.
5. Ферментация әдісі арқылы этанолдың алу реакция теңдеуін құрастырады.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий