Алкиндер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Алкиндер (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көмірсутектер. Отын
Сабақ тақырыбы: Алкиндер
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 9.4.3.13 этин мысалында алкиндердің химия-лық қасиеттерін (жану, гидрлеу, гидратация, галогендеу, сапалық реакциялар) оқып үйрену, химиялық реакция теңдеулерімен дәлелдеу
Сабақ мақсаттары: Алкиндердың құрылысын сипаттайды;
Алкиндерге тән изомерия түрлерін жазады;
Алкиндардың химикалық қасиетін талдайды;

Сабақ басында:
Амандасу, оқушыларды түгелдеу.
 «Ыстық орындық»Өткен сабақты қайталау
Мақсаты: Алдыңғы білімдерін еске түсіру.
Тапсырма сипаты:
Арнайы сұрақтар арқылы өткен көмірсутектер туралы білімдерін тиянақтау және қайталау.
1. Органикалық қосылыстардың негізгі түрлерінің қайсысымен таныспыз?
2.Танысқан көмірсутектердің негізгі өкілдерін атап,онда химиялық байланыстың қандай түрі кездесетінін атаңыз?
3. Алкан,алкен,диен көмірсутектердің атауларының негізгі ерекшелігі неде дееп ойлайсыңдар? Атауларды қорғап шығу
4.Қаныққан көмірсутектер деп аталуы неге байланысты?
5.Қанықпаған көмірсутектерге нелер жатады?
6.Байланыстың қандай түрімен таныспыз?
7.Гибридтену дегеніміз не және оның қандай түрін білеміз?
8. Төменде берілген сызбаны химиялық тілмен сауатты қорытындылап айтып беріңіз.
(Этан,этилен,диен көмірсутектері туралы сызбалар)

Бағалау: Бір-бірін бағалайды
Кері байланыс: Оқушы-оқушы

Сабақтың тақырыбы мен мақсаттары айтылады.
Жаңа сабақты түсіну
Мақсаты: Алкиндердің химиялық қасиеттері
Тапсырма сипаты: (W) Оқушыларға кейбір қосылыстар үш еселі көміртегі-көміртектік байланыстан тұратынын түсіндіру. Оқушылар этиннің моделін жасайды. Олар үш байланыстың дара байланысқа қарағанда қысқа болатынын және молекуланың сәйкесінше алкандарға қарағанда одан ары белсенді болу мүмкіндігін көреді. Бұл қосылыстардың да көмірсутектер болып табылатындығын және олардың гомологтық қатары алкиндер сияқты мәлім екенін түсіндіреді.
Кері байланыс: оқушы-оқушы, oқушы-мұғалім

Жұптық жұмыс
Мақсаты: Алкиндерге тән қосылу реакциялары түрлерін түсінеді
Сипаты: Оқушылардан гидрленуі және галогенденуі, гидротация, тотығуы және галгенсутектерді қосып алуы сатылап жүретінін шығарады.
Бағалау: Бағалау критерийі арқылы бағаланады.

Кері байланыс: Оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы

Мақсаты: Алкиндердің полимерленуін талдайды
Сипаты: Оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі. Бағалау: дұрыс жауаптар арқылы өзіндік бағалау.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 577



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі