Карбон қышқылдары (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

 Карбон қышқылдары (Химия, 9 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: оттекті және азотты органикалық қосылыстар
Сабақ тақырыбы: Карбон қышқылдары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 9.4.3.22 –карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттай алу.
Сабақ мақсаттары : карбон қышқылдарының құрамын білу және сірке қышқылының химиялық қасиеттері мен қолданылуын сипаттай алу.

Сабақ басында:
- оқушылардың зейінін шоғырландыру

- оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу
- оқушылардың «жақын даму аймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау
Мұғалімнің түсіндіруі: карбоксилдік–COОH топтың құрылысымен таныстыру.Бұл органикалық қышқылдарың функционалдық тобы екендігін түсіндіру. Каброн қышқылдарының жіктелуіне тоқталу. Бейнеролик көрсетуге болады: https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/karbon-qyshqyldary
Карбон қышқылдарының физикалық қасиеттері: https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/9-synyp/karbon-qyshqyldary
Тапсырма№1
Карбон қышқылдарының алғашқы төрт өкілінің құрылымдық формуласын жазу.
(Э) Зертханалық тәжірибе №16 «Сірке қышқылының қасиеттерін зерттеу» орындауды ұсыну. (қышқылдың физикалық қасиеттерін зерттеу және бақылау нәтижелерін жазып алу, иісін анықтау (өткір иістің тыныс жолдарына зиянды екенін ескеру керек!, жанғыштығы, рН ортасы, химиялық қасиеттері: натрий карбонатымен, магний лентасымен, сілтімен индикатор қатысында)
Жұппен жұмыс, оқушылар өздерінің бақылау нәтижелерін этанол үшін жасалған реакциялармен салыстыруы керек.
Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын сипаттауы керек.
Жұптар өз нәтижелерін басқа жұптардың нәтижелерімен салыстырулары керек.
Мұғалім әр жұптың жұмыс нәтижесін бақылайды. Осыдан кейін сыныппен қорытындысын шығаруы керек.
Топтық жұмыс. Оқушыларға топтық жұмысты ұсыну, топтар тест сұрақтарын құрастырады, кейін сағат тілі бойымен жұмыстарын алмастырып басқа топтың жасаған тест сұрақтарына топ жауап береді.
Топтар өзара бір-бірін бағалайды: «Екі жұлдыз бір тілек»
Мұғалімнің кері байланысы жасалуы керек. .....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий