Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

 Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы (Биология, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Қозғалыс
Сабақ тақырыбы: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы және жиырылуы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.6.1 көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымын зерттеу
10.1.6.2 бұлшықеттің жиырылу механизмі
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: Көлденең жолақты бұлшықеттің құрылысы мен қасиеттерін біледі.
Көптеген оқушылар: бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіре алады.
Кейбір оқушылар: көлденең жолақты бұлшықеттердің ультрақұрылымы мен бұлшықеттің жиырылу механизмі арасындағы байланысты талдай алады.

- Саабақта коллаборативті орта құру. «Комплимент» жаттығуын жасау
Сабақ тақырыбына келу.
- Сабаққа қатысты эпиграф ретінде атақты философ Тиссоның сөздеріне назар аударғым келіп отыр: «Қозғалыс – өз әрекеті арқылы кез-келген дәріні алмастыра алады, бірақ әлімдегі барлық заттар қосылып қозғалыстың әрекетін алмастыра алмайды». (слайд 1)
- Қалай ойлассыздар, сабақта біз не туралы айтамыз?
- Қозғалыс біздің жан-жағымызда болып жатыр. Ал адам ненің арқасында қозғала алады?

Сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын оқушылармен бірге анықтау.
• Бағалау критерийлерін құру, оқушылармен бірге талқылау

(Ұ) Оқушыларға бұлшықет ұлпалары мен олардың адам ағзасында орналасуындағы сәйкестікті орнатуды сұраңыз.

(Ж/Т) Оқушылардан бұлшықеттің құрылымын белгілеу/бөліп көрсету/бояу арқылы ұсынылған ресурстарды пайдаланып, әрбір құрылымның қызметін анықтауды ұсыныңыз.

(Жж) (Қ) Оқушылар қаңқа бұлшықетінің құрылысы мен атаулары сипатталған кәртішкелер құрастырады.

(Ұ) Оқушылар жиырылу және босаңсу күйіндегі бұлшықеттердің (миофибриллалардың) құрылымының суреттерін/сызбаларын қарастырады.

(М) (Ұ) Бұлшықеттердің жиырылуы туралы анимацияны бұлшықет филаменттері деңгейінде (актин мен миозин) демонстрацияланады.

(Жж) Оқушыларға бұлшықет жиырылуының механизмін түсіндіруге саркомер, саркоплазмалық ретикулум және көлденең (T) канал құрылысының бейнесі ұсынылады. .....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий