Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

 Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері (Биология, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Биосфера, экожүйе, популяция
Сабақтың тақырыбы: Тірі ағзалардың бейімделу механизмдері (жаңа тақырыпты меңгерту)
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: 8.3.1.7 тірі ағзалардың қоршаған ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: тірі ағзалардың қоршаған орта жағдайларына бейімделу механизмдерін түсіндіру.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға мұғалім ақ аю, түйе, құтанның суреттерін көрсетіп олардың қоршаған орта жағдайларының ерекшеліктерін сипаттай отырып, әр ағзаның орта жағдайларына деген бейімделушіліктерін анықтау тапсырмасын орындауды ұсынады. Оқушылардың жауаптарынан соң мұғалім бүгінгі сабақ не туралы екен дей келе сабақтың мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстырады.

Мұғалім оқушыларға әртүрлі мекен ортасында кездесетін тірі ағзалардың мысалдарын ұсынады.
Оқушылар тірі ағзалардың қоршаған ортаның жағдайларына сай бейімделу түрлерін анықтап сипаттама береді.
Қоршаған ортаға деген бейімделушіліктер морфологиялық, физиологиялық және этологиялық тұрғыдан қарастырылады.
Әр ағзаның бейімделушілігі сипатталған кезде оқушылардың осы үш бағытта тоқталып отырулары қадағалау қажет.
Оқушыларға қосымша видеоматериалдармен қоса ақпарат парақшалары ұсынылады.

Мұғалім жұмыс барысында оқушыларға сұрақтар қойып, бағыт беру мақсатында кері байланыс ұсынады.
Кейбір оқушылар ағылшын тіліндегі сайттардан материалдарды пайдалана алады.
Оқушылар зерттеуінде тірі ағзалардың бейімделушіліктерінің себептері мен нәтижелері, олардың мысалдарын табады.
Зерттеу жүргізуге қойылатын талаптар:
1. Тірі ағзалардың бейімделу механизмін анықтау
2. Бейімделушілік түріне мысалдар келтіру
3. Мысалдардың көмегімен бейімделушіліктің жүрілу себептері мен салдарын сипаттау
Оқушылар зерттеуден соң рубрикаларды пайдалана отырып жұмыстарын өзара бағалайды.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий