Қазіргі өнердің даму тенденциялары (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

 Қазіргі өнердің даму тенденциялары (Дүниежүзі тарихы, 10 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Өнер - қоғам дамуының көрінісі
Сабақтың тақырыбы: Қазіргі өнердің даму тенденциялары
Осы сабақта қол жеткізілуге тиісті оқыту мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.4.2.4 - қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;
10.4.2.5 - қазіргі заман қоғамына ықпалын талдай отырып, бұқаралық мәдениет ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаттары: Қазіргі өнердің даму тенденцияларын анықтау, өзгеруі мен сабақтастығын зерделеу;
(ПСМ) Мұғалім әртүрлі стильдер мен ағымдарға тиесілі картиналарды көрсетіп, оқушыларға келесідей тапсырманы береді: Картиналарға сұрақтар қойыңыз.
Сұрақтарға жауаптарды талқылай отырып, оқушылар сабақ тақырыбын, оқыту мақсаттары мен бағалау критерийлерін өз беттерімен анықтайды.
(Г) Мұғалім оқушыларға 20 ғасырдың басындағы әртүрлі стильдер мен ағымдағы бейнелеу өнері сипатталған карточкалар мен картиналарды үлестіреді.
Тапсырма: Бұл картиналардың қай бағытқа тиесілі екенін анықтаңыз.
Дескрипторлар:
1. Импрессионизмге қатысты картиналарды анықтап, бұл бағыттың кем дегенде 2 ерекшелігін атайды
2. Сюрреализмге қатысты картиналарды анықтап, бұл бағыттың кем дегенде 2 ерекшелігін атайды
3. Кубизмге қатысты картиналарды анықтап, бұл бағыттың кем дегенде 2 ерекшелігін атайды
(К) Мұғалім ХХ ғасырдың екінші жартысындағы өнердегі негізгі ағымдармен (модернизм және постмодернизм) таныстырады, сондай-ақ олардың негізгі ерекшеліктерін сипаттайды. Бұл орайда әр ағым бойынша көрнекті суретшілердің шығармашылығынан мысалдар келтіруге болады. Оқушыларда өнердің негізгі ағымдарын түсіндіру мүмкіндігі болуы тиіс және осылайша олар өнер тарихы бойынша алған білімдерін қайталып, пысықтай алады.
Мұғалім модернизм және постмодернизм ағымдарының хронологиялық көрсеткіштерін келтіреді.
1872 – 1945 жж. – модернизм, 1945 –бүгінгі күнге дейін – постмодернизм.

Мұғалім оқушыларға кестені толтырып, ХХ ғасырдағы өнердегі сабақтастықтың қалай жүзеге асырылғанын түсіндіруді тапсырады.

Модернизм Постмодернизм
Абстракционизм Абстрактілі экспрессионизм
Экспрессионизм Поп-Арт
Примитивизм Оп-Арт
Кубизм Гиперреализм
Сюрреализм Кинетика өнері
Футуризм Граффити, инсталляция....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий