АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

 АҚШ-тағы құлдық қалай  жойылды? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: АҚШ-тағы құлдық қалай жойылды? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.4.2.2 трансатлантикалық құлдықтың ерекшеліктерін анықтау
7.4.2.1 түрлі мемлекеттердің өнеркәсіптік даму сатысына өту процесінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: АҚШ-тағы азамат соғысының себептерін, барысын, салдарларын анықтайды.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б Оқушылар назарына трансатлантикалық құлдықпен байланысты суреттер топтамасын ұсыныңыз. Талқылауға арналған сұрақтар: Суреттерде не бейнеленген? Суреттер қай елдермен байланысты? Неліктен адам саудасы сол уақытта орын алған?
Оқушылардың кез келген жауабы тыңдалады, талқылау жүргізіледі.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
М Мұғалім оқушыларды АҚШ-та орын алған азамат соғысымен қысқаша таныстрады. АҚШ-тағы тәуелсіздік алғаннан кейін құлдық туралы мәселе әрбір штаттың қарауына берілді. 1807 ж. құлдық саудаға тыйым салатын заң қабылданғанымен, АҚШ-тағы құлдық саудасы, әсіресе оңтүстікте өркендеп тұрды.

Ж Оқушылар Азамат соғысы туралы мәтінмен танысып, интеллект-карта немесе кластер жасауы керек.
Қарастырылатын сұрақтар:
-уақыты, аймағы, қарсыластар,себебі, көшбасшылар, негізгі оқиғалар, нәтижесі, салдары, тарихи маңызы.

Ж Деректермен жүмыс
Деректермен танысып, сұрақтарға жауап беріңіз:
Зерттеу сұрақтары:
- АҚШ Конституциясына өзгертулер енгізілгеннен дейін, қара нәсілшілдердің жағдайы қандай болды?
-АҚШ Конституциясына өзгертулер енгізілгеннен кейін, қара нәсілшілдердің жағдайы қандай болды?
-Неліктен Конституцияға енгізілген өзгерістер толыққанды жүзеге аспады?
Дескриптор:
- АҚШ Конституциясына өзгертулер енгізілгеннен дейін, қара нәсілшілдердің жағдайын анықтайды.
- АҚШ Конституциясына өзгертулер енгізілгеннен дейін, қара нәсілшілдердің жағдайын анықтайды.
- қорытынды жасайды.

Б Жалпысыныптық талқылау. Кейбір жұптардың жауаптары тыңдалып, қалған оқушылар жауаптарды толықтырады, дәптерлеріне жазып алады.
Өзара бағалау түрі қолданылады (дескриптор негізінде).
Ж «Неліктен 1861-1865 жж. АҚШ-тағы соғыс құлдықтан бас тартуға әкелді?» сұрағы бойынша эссе жазады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 801



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!