XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

 XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Америка Құрама Штаттарының күшеюі
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы қай ғылыми жаңалықтың адамдар өміріне ықпалы зор болды? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 7.2.4.1 өзгерістер мен сабақтастықты көрсету арқылы адам мен қоғам өміріндегі ғылыми жаңалықтардың маңызын талдау
7.2.1.1 қоғамда дін рөлінің шектелуіне байланысты адамдар өмірінде орын алған өзгерістерді анықтау
Сабақ мақсаттары: XIX ғасырдың ең маңызды жаңалықтарын анықтау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б оқушылармен тұжырымдарды талқылаңыз:
XIX ғ. – өнеркәсіп төңкеріс ғасыры, электр жарығы ғасыры, темір жолдар ғасыры.
Жаңа білімнің пайда болуы адам өмірі мен қоғамды қалайша өзгертті?
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.
Б талқылауға арналған сұрақтар:
- өнертабыстар қандай? Терең, тез, ауқымды.
-қоғамның барлық салаларын қамтиды ма?
- басқа жаңалықтардың ашылуына негіз болды ма?
Оқушылардың кез келген жауабы қабылданады.
Т Оқушылармен өнертабыстардың маңыздылығы бойынша талқылау ұйымдастырыңыз. 7 сыныпта өткен араб өркениетінің жетістіктерін және Н.Коперниктің жаңалығын еске салыңыз.
- адамдардың өмірін түбегейлі өзгерткен жаңалықтарды атаңыз?
- көптеген адамдардың өмірін өзгерткен қандай өнертабыстарды білесің?
- қазіргі уақытқа дейінгі маңыздылығын жоғалтпаған өнертабыстарды сипаттаңыз?
Б бір топқа өз критерийлерін ұсынуды сұраңыз, басқа топтар бағалап, толықтыруы мүмкін, талқылау барысында критерийлерді тақтаға жазыңыз, дәлелдеу кезінде дәйек келтіреді.
Пікір мен дәйек ұғымдарын түсіндіріңіз:
• дәйек – шынайы, дәлелденген.
• пікір– шынайы, жеке ой, алайда түпкілікті дәлелденбеген.
Т XIX ғ.ғылымның қарқынды дамуына әсер еткен оқиғалаларды уақыт сызығында белгілеуге мүмкіндік беріңіз (Ренесанс, Реформация, өнеркәсіп төңкерісі, Ағартушылық)
Дескриптор:
- ғылым саласы дамуының кем дегенде бес алғышарттарын анықтайды.
-ғылым дамуының үдерісін сипаттайды.
Т XIX ғ. ғылымның даму туралы ақпаратты таратыңыз (Қосымша 1).
Б Діннің рөлін шектейтін қоғамның әлемдік секуляризация процесін түсіндіруді ұсыныңыз:
-ғылым діннің қай функциясын түсіндіреді? (табиғи құбылыстарды түсіндіруде, физикалық үдерістерді).
Презентация арқылы қоғамды өзгерткен өнертабыстарды көрсетіңіз:.....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий