Түрік қағаны Иштемиге 568 ж. Византия неліктен елші жіберді (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

 Түрік қағаны Иштемиге 568 ж. Византия неліктен елші жіберді (Дүниежүзі тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақтың тақырыбы: Түрік қағаны Иштемиге 568 ж. Византия неліктен елші жіберді
Оқу мақсаттары: Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
Сабақтың мақсаттары: Шығыс Рим империясының сыртқы саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүру себептерін түсіндіреді
Рим империясының Шығыс аймағы Батыстағы аймағына қарағанда, 1000 жыл артық өмір сүруі тиімді экономикалық жүйе мен өндірістік қатынастардың өзгеруіне байланысты екенін түсіндіру.
ІV ғасырдың соңындағы Шығыс Рим империясының картасын көрсету. Тарихи тақырыптық картамен жұмыс жасау үшін кілтті сұрақтарды анықтау:
1. VІ ғасырда Еуразия құрлығында қандай державалар өмір сүрген?
2. VІ ғасырда Византия мемлекетінің географиялық орналасуының қандай артықшылықтары мен кемшіліктері болды?
3. Византия сыртқы саясатында қандай қағидаларды ұстанды?
4. Византия мемлекетінің дамуы мен өркендеуі қаншалықты Шығыс мемлекеттерінің дамуына тәуелді болды?
Топ оқушылары жауаптарының таныстырылымдарын ұсынады және өздерінің жауаптарын сыныпқа түсіндіреді.

Византия мемлекетінің ұзақ өмір сүруінің ең басты себептерінің/ факторларының бірі – дипломатия мен «бөліп алда, билей бер» саясатының қолданылуы маңызды рөлт атқарғанын түсіндіру. Бұл түсіндіру дипломатия өнерін және Азия халықтары мен әлемдік саясатқа әскер еткен миграция жолдары мен халықтардың қоныс аудару үдерістерін қарастыру арқылы жүзеге асыру.
Византия империясы, парсылар (Сасанидтер), эфталиттер (ақ ғұндар), және арабтар көрсетілген картаны ұсыну.
Эфталиттер (картадағы қызыл сызық) Византия елінің одақтасы, парсылар жаулары болғандығын түсіндіру. Бумын қаған кезінде түркілердің өркендеуі, Естеми қаған кезінде эфталиттердің ыдырауын түсіндіру.
568 жылы Маниах есімді елшінің Константинопольге сапары және оған жауап ретінде Киликиядан Естеми қағанға аттандырылған Земархтың елшілігі туралы айту.
Оқушылар Маниахтың Константинопольға елшілік сапарының тарихын оқып, жұпта «Неліктен ІІ Юстиниан Земархты естеми қағанға аттандырды?» -деген сұраққа жауап береді. Сынып оқушыларымен талқылауды ұйымдастыру.
Тапсырмаға арналған әңгіме дереккөздері бөлігінде орналасқан. Әңгіме академиялық мәтін түрінде жазылған, мұғалім оқушыларға арнап, оның мазмұнын түсікті тілде 400 сөзден тұратын мәтін түрінде құрылымдап жазып шығуы қажет. Оқушылар мәтінде оқығанда, маркерлерді қолданып, шешуші сәттерді ерекшелеп отырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 715



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі