Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүнеижүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Қайта өрлеу дәуірі
Сабақ тақырыбы: Қайта өрлеу дәуірі өнердің дамуын қалай өзгертті? 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.2.3 - Антикалық мәдениетпен байланыс орнату арқылы Қайта өрлеу дәуірінің мәдениетін (бейнелеу, мүсін өнері) сипаттау;
6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
Сабақ мақсаттары: • Ренессанс мәдениетін сипаттау;
• Ортағасырлық мәдениетпен (бейнелеу өнері, мүсін) салыстыру;
• Гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
БЫМ/С Орта ғасыр суреттері мен Ренессанс бейнесін бейнелейтін бейнематериалды төмендегі сұрақтар арқылы талқылау.
1.Кескіндеме дегеніміз не?
2.Суреттің қандай элементтерін көрдік?
3.Орта ғасыр суреттері несімен ерекшеленеді?
4. Орта ғасыр мен Ренессанс картиналарын қалай салыстыруға болады?
Бейнематериалды көрсету арқылы сабақтың тақырыбын анықтатып, мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.
М. Оқушыларға «Орта ғасыр» мен «Ренессанс» дәуірінің суреттерінің негізгі белгілеріне қарап, «аскетизм» және «гуманизм» деп екі топқа бөліп, терминнің мағынасын түсіндіру.
Т.Оқушыларға 8 ғасырдағы Византиялық Христосты керу суретін және Ортағасырлық Христосты керу суретін Қайта өрлеу дәуірінің Христосты керу суретін ұсынып, «Суреттің ерекшелігі неде?», -деген сұрақ төңірегінде ой- талқы ұйымдастыру.
Т. Топқа арасы 200 жыл өткен «1300жылғы ортағасырлық әулие Мария және бала Христос суретін» және «1500 жылғы Қайта өрлеу дәуірінің әулие Мария және бала Христос суретін» ұсынып, Орта ғасыр мен Ренессанс дәуіріндегі екі суреттің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында салыстырту.
Т. Таратпа материал бойынша оқушылар 200 жылдан астам уақыт бойы еуропалық мәдениеттегі маңызды өзгерістерді анықтайды. Олар бұл өзгерістер Ренессанстың дамуына қалай әсер ететінін болжайды. Оқушылар осы кезеңдер арасында Европада қандай оқиғалар өткенін айтып, оларды «Уақыт сызығында» орналастырады..
Ж. Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері: Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Микеланджелоның өнер туындыларымен таныстырып, жұпта кестені толтырту.
Дескрипторлар:
• «Орта ғасыр» мен «Ренессанс» дәуірі суреттерінің негізгі белгілеріне қарап, «аскетизм» және «гуманизм» терминдерінің мағынасын түсінеді;
• Екі кезеңде салынған Христосты ағашқа керу суреттерінің негізінде ой талқы ұйымдастырады;
• Орта ғасыр мен Ренессанс дәуіріндегі «Әулие Мария және бала Христос» суретінің ұқсастығы мен айырмашылығын Венн диаграммасында салыстырады;
• 1300-1500 жылдар аралығындағы еуропалық мәдениеттегі
маңызды өзгерістерді анықтап, «Уақыт сызығында»
орналастырады.
• Қайта өрлеу дәуірінің ұлы суретшілері: Рафаэль Санти, Леонардо да Винчи, Микеланджелоның өнер туындылары туралы ақпаратты кестеде толтырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 427



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі