Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

 Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 2-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Ғылыми революция
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихы бойынша қорытынды сабақ 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.2.3.2 - гуманистік идеялардың орта ғасырлық мәдениеттің дамуына ықпалын анықтау;
6.2.1.1 - адамның дүниетанымы мен қоғамдық өмірдегі дін рөлінің өзгеру себептерін анықтау;
6.2.4.2 - жаратылыстану ғылымдарының келешектегі дамуы үшін кейінгі орта ғасырлар кезеңінде Жердің құрылысы туралы жасалған ғылыми жаңалықтардың маңыздылығын анықтау;
Сабақ мақсаттары: Бөлімдер бойынша негізгі оқыту мақсаттарын қайталау.
БЫМ/С Оқушыларға Қайта өрлеу дәуірі өнері, Шығыстағы Ренессанс, Мартин Лютердің наразылығы, Коперниктің теориясы суреттерін көрсету. Оқушылардан бұл суреттерді не біріктіретінін және оқиғаларды хронологиялық бірізділікке салуды сұрау.
Т. Жұптарға кілтті сөздер немесе терминдер аты жазылған карточканы таңдауды және сол кілтті сөзге қатысты ақпараттарды шығармашылық түрде таныстыруды сұрау. (презентация, рөлдік ойын, постер, суреттер, кластер, тірек сызбалар және т.б). Оқушылар өз жұмыстарында курс бойынша өтілген материалды жүйелейді.
Мысалы: Ренессанс, Гуманизм, Индульгенция, Реформация, гелиоцентристік жүйе т.б.
Т. «Тарихи тұлғаны тап» ойыны .
Мұғалім тарихи тұлғалар туралы шағын мінездемені оқиды және кім туралы екенін табуды сұрау. Егер оқушылар бірден таба алмаса, мұғалім тұлғаның ерекшеліктерін қоса отырып мінездемені оқуды жалғастырады.
Бұл ойыннан кейін «Ыстық орындық» ойынын ұйымдастыруға болады.
Оқушылар өз қалауы бойынша курс бойынша бір тарихи тұлғаны таңдайды және тарихи тұлғаның рөліне еніп сыныптастарының сұрақтарына жауап береді.
Т. Тапсырманы орындау үшін топтарға берілген А3 қағазының төрт бұрышына қоғамның барлық салалары бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік,мәдени) өзгерістерді жазуды ұсыну.
Дескрипторлар:
• Оқушылар бір мемлекетті таңдап, шығармашылық тұрғыдан таныстырады;
• Оқушылар мұғалім жасырған бір тұлғаны анықтайды;
• Оқушылар тарихи тұлғаның рөліне еніп сыныптастарының сұрақтарына жауап береді;
• Картада стикерлермен ұлы теңіз саяхатшыларының (Чжен Хе, Х.Колумб, Васко да Гамма, Ф.Магеллан) бірінің бағытын көрсетеді;
• Қоғамның барлық салалары бойынша (саяси, экономикалық, әлеуметтік,мәдени) өзгерістерді жазады;......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий