Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

 Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Абсолютизм: Батыс пен Шығыс
Сабақ тақырыбы: Юнлэ мен Токугава билігі Батыс билеушілірінің билігіндей шексіз болды ма? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.1.2 Батыс пен Шығыстағы монархия формаларын (сословиелік-өкілдік және шексіз билік) ажырату
6.3.1.5 саяси биліктің ерекшеліктерін анықтау үшін әртүрлі ел билеушілерінің қызметін салыстыру
Сабақ мақсаттары: Юнлэ және Токугава билігінің ерекшелігін анықтап, батыс билеушілірінің билігімен салыстыру.
(БЫМ) Оқушыларға Версаль сарайы мен Тыйым салынған қаланың суреті ұсынылып, тақырыпқа болжам жасатылады.
1.Бұл ғимараттардан қандай ұқсастықпен айырмашылықты көруге болады?
2. Бұл қай дүние бөлікке тән архитектуралық құрылыстар?
3. Бұл ғимараттар өзінің билеушісі туралы қандай мәлімет береді?
Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, оқушылармен бірлесіп, сабақ мақсаты мен тарихи концептімен танысу.
Ж.№1 тапсырма Топтарға мәтін таратылады. Оқушылар мәтінді жеке оқып болған соң, жұптасып стикерлерге деректі және концептуалды сұрақтар жазып, мұғалімге береді. Мұғалім барлық сұрақтарды қайтадан оқушылардың өздеріне қойып, топтарға бөледі. Деректі (нақты) сұрақтарға жауап берген оқушылар 1,2 топтарға топтасады, концептуалды (күрделі) сұрақтарға жауап берген оқушылар 3,4 топтарға бірігеді.
Дескрипторлар:
Оқушылар деректі және концептуалды сұрақтарды құрылымдай алады;
Т. №2 тапсырма. Оқушыларды деңгейлеріне қарай топқа бөлген соң әр топқа деңгейлік тапсырмалар беріледі.
1- топ Юнлэ билігінің ерекшеліктерін постерде бейнелеу
2 -топ Токугава билігінің ерекшеліктерін постерде бейнелеу
3-топ Юнлэ мен Токугава билігінің ерекшеліктерін концепт-картада талдау.
4-топ Юнлэ мен Токугава билігін XIV Людовик пен I Петр тұсындағы билікті концепт-картада талдау және салыстыру.
Топтық жұмысты бағалау критерийлері:
• Тапсырманың нұсқаулыққа сәйкес орындалуы;
• Мазмұның аша білуі;
• Баяндау шеберлігі;
• Уақытты тиімді пайдалана білуі;
(ҚБ) Әр топ өз зерттеу жұмысының нәтижесімен таныстырады.
Дескрипторлар:
1. Юнлэ билігінің кем дегенде 3 ерекшеліктерін постерде бейнелейді;
2. Токугава билігінің кем дегенде 3 ерекшеліктерін постерде бейнелейді;
3. Юнлэ мен Токугава билігінің ерекшеліктерін кем дегенде 5 ерекшеліктерін концепт-картада талдайды;
4. Юнлэ мен Токугава билігін XIV Людовик пен I Петр тұсындағы биліктің кем дегенде 5 ерекшеліктерін концепт-картада талдап, салыстырады;
Әр топ өз жұмыстарын жариялаған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалау критерийлерәне сәйкес бағалайды......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 310



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі