Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Феодализм
Сабақ тақырыбы: Феодалдық экономика ерекшеліктері неде? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.2.1 – экономикалық қатынастардың формаларын түсіндіру арқылы феодалдық шаруашылықтың ерекшеліктерін сипаттау;
Сабақ мақсаттары: - феодализм мен оның белгілерін білу;
- қолөнердің саудадан бөлініп шығу себептерін және ортағасырлық қалалардың пайда болу себептерін анықтау;
- орта ғасырдағы еңбекті цехтық ұйымдастыру түрін сипаттау.
БЫМ Ұйымдастыру кезеңі
«Миға шабуыл»
Оқушыларға келесі сұрақтар топтамасы қойылады:
- Рим империясының құлдырауына не себеп болды?
-Неліктен герман тайпалары Рим империясына баса көктеп кірді?
- герман тайпаларының Рим империясына шабуылының зардаптары қандай?
-құлдардың жағдайы қаншалықты өзгерді?
-бұл оқиға әлем тарихында қандай түбегейлі өзгерістерге әкелді?

Сұрақтарға жауап аяқталғаннан кейін, мұғалім оқушыларға Рим империясы ыдырағаннан кейін құлиеленушілік қоғамның орнына феодалдық қоғамдық қатынастардың орнай бастағанын айтуы керек. Оқушылар сабақ мақсаты және бағалау критерийлерімен танысады.

Оқушылардың назарына негізгі ұғымдар мен олардың анықтамалары бар карточкалар ұсынылады.
Экономика, феод, барщина, оброк, феодалдық міндеткерліктер. Мұғалім оқушыларға негізгі ұғымдар бойынша түсіндірме беріп кетеді. (Қосымша1)

Тапсырма: мәтінді оқып, феодалдық міндеткерліктің түрін анықтаңыз:
«Шаруа Видрадта толық жер телімі бар. Ол жерді пайдаланғаны үшін феодалға бір шошқа, үш тауық, 18 жұмыртқа төлейді; нан пісіріп, сыра қайнатады. Жыл бойы ол феодалдың жер телімін өңдейді, оған астық егеді, жинайды. Оның әйелі зығыр киім тігуі керек керек» (Қосымша 2)

Дескриптор:
- Оқушы феодалдық міндеткерліктерді дұрыс жіктейді.
Жалпы сыныптық талқылау өткізуңіз. Өзара бағалау түрін қолданыңыз.

Оқушылар ақпаратпен жұмыс жасайды. Феодализмнің белгілері туралы оқулықтан немесе алдын-ала дайындалған мәтінмен танысып, феодалдық белгілерді анықтайды........

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий