Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

 Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? 1-сабақ (Дүниежүзі тарихы, 6 сынып, І тоқсан)

Пән: Дүниежүзі тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы
Сабақ тақырыбы: Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.4 – Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау
Сабақ мақсаттары: - Византияның дипломатиялық ерекшеліктерін, Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

БЫМ/Б Мұғалім оқушылар назарына княгиня Ольганың Константинопольға сапарын бейнелейтін суретті көрсетеді.
Оқушылар суретке қатысты ойларды білдіреді.

Жұмыс дәптеріне сабақ тақырыбын жазып, зерттеу жұмысының қадамдарымен, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерімен, тарихи концептімен танысу.

Оқушылармен бірлесіп, зерттеу сұрақтары анықталады:
1. Княгиня Ольганың шоқындыру себептері мен салдарын қарастыру;
2. Византияның Киев Русімен қарым-қатынасын анықтау;
3. Византия дипломатиясын Түрік қағанаты мен Киев Русімен салыстыру; Қорытынды жасайды.
Осылайша, сабақтағы зерттеу жұмысы оқу мақсатына жетуге және «интерпретация» тарихи концептін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Ж Мұғалім оқушылар назарына княгиня Ольганың шоқындыруы туралы бейне баянды көрсетеді. Оқушыларға сұрақ: Киев Русі тарихында княгиня Ольганың рөлі қандай?

Бейне баянды талқылағаннан кейін, мұғалім оқушыларға дерекпен жұмыс жасауды ұсынады («Өткен уақыт жылнамасы» дерегінен үзінді) (Қосымша 1)
Мәтінді оқып, келесі сұрақтарға жауап береді.
Дерекке сұрақтар:
1.Византия императоры Константин Багрянородный княгиня Ольганы тең дәрежедегі басқарушы ретінде қабылдағанын дәлелдеңіз.
2.Княгиня Ольганың Константинопольға сапары кезінде қандай жеке бас қасиеттері байқалды?
3. Княгиня Ольганың Константинопольға сапары Киев Русінің дәрежесіне қалайша әсер етті? .......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!

Ұқсас мақалалар:
0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу