Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

 Қазақстандағы  этногенез және этникалық процестер 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 10 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Ұазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Этникалық және әлеуметтік-саяси процестер
Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы этногенез және этникалық процестер 1-сабақ
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 10.2.1.1 - Қазақстандағы этникалық процестерді түсіндіру үшін «антропогенез», «этногенез», «этнос» ұғымдарын пайдалану;
10.2.1.2 - этникалық процестердің сабақтастығын анықтай отырып, Қазақстан аумағындағы этногенездің кезеңдерін айқындау
Сабақ мақсаты: Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық үдерістерді түсінеді.
Қазақ этносының қалыптасуы – көп ғасырларлық этникалық процестердің нәтижесі екенін ұғынады.
Ж/Т Тақтаға тақырыпқа байланысты негізгі кілтті сөздер жазылады. Оқушылар бұл ұғымдарға қатысты өз ойларын білдіреді.
«Этнос»
«Этногенез», ,
«Антропогенез»

Оқушыларға сабаққа байланысты глоссарий беріледі.
Этнос - (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты тобы.
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез – қандай болса да халықтар тарихының бастамасы. Ол үнемі даму үстінде болады. Бірде оған жаңа этникалық топтар қосылып, онымен біте қайнасып, араласып кетсе, енді бірде одан кейбір топтар ерекшеленіп, бөлініп те жатады. Мыс., Қазақстан аумағындағы көптеген түркі тектес көшпелі тайпалар бірігіп, біте қайнасып, араласу нәтижесінде қазақ халқы қалыптасқан.
Антропогенез – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді.
Глоттогенез -Тілдін пайда болуы және дамуы.
Этносаяси қауымдастық деп белгілі бір тарихи аймақта құрылған хандықтың тұрғындарын айтады.
Зерттеу сұрақтары:
1.Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер қалай жүрді?
2. Қазақстандағы этникалық процестерді қандай кезеңдерге бөліп қарастырамыз?
3.Қазақстан аумағындағы этностардың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
4. Қазақ халқы қалай қалыптасты?

Б Оқушыларға кез-келген этностың қалыптасуы белгілі бір даму үдерісінен өтетіні, шарықтау және күйзеліс кезеңдерін бастан кешіретіні туралы түсінік қалыптастыру. Этностың өмірлік циклін ұсыну:
1. территорияны анықтау;
2. территорияда бір немесе бірнеше этностардың өмір сүруі;
3. белгілі бір этностың пайда болуы туралы аңыз-дастандардың орын алуы;
4. этностың күшейе бастауы;
5. этностың шарықтау кезеңі;
6. этнос дамуының бәсеңденуі;
7. тұрақтылық.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 4 279



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Мариям
    Оқырман Мариям 25.09.2021 17:01
    3 + 2 -
    1.Қазақстан аумағындағы этногенез және этникалық процестер қалай жүрді?
    2. Қазақстандағы этникалық процестерді қандай кезеңдерге бөліп қарастырамыз?
    3.Қазақстан аумағындағы этностардың қалыптасуына қандай факторлар әсер етті?
    4. Қазақ халқы қалай қалыптасты?
    Осы сұрақтарды жауабын тауып бере аласыздарма