Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

 Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар: 9.4 В. Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы
Оқу мақсаты: Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалау
Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындау
Сабақтың мақсаты:
Жоғары деңгей дағдылары:
Қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан үлесін бағалайды;
Бауыржан Момышұлының батырлық, тұлғалық қасиетін айқындайды.
І.Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру;
Бастапқы ынталандырушы материал
Алдымен оқушыларға «Ұлы Отан соғысы» туралы бейне суреттер көрсетіледі. Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында сұрақтар қойылады?
1.Ұлы Отан соғысы қашан басталды? Себептері неде болды?
2.Ұлы Отан соғысының адамзатқа әкелген қасіреті қандай болды?
3.Қазақстандықтардың жеңіске қосқан үлесі қандай деп ойлайсыңдар?
Оқушылар түрткі сұрақтар арқылы тақырыпты өздері анықтайды.
ҚБ «Мұғалім мадақтамасы» /дұрыс жауап берген оқушыларды ынталандыру, қызығушылығын арттыру мақсатында/
2. Оқу мақсаты, бағалау критерийі таныстырылады
Мәтінмен жұмыс. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қорғалған қалалар жайында оқушыларға мәтін беріледі.
Тапсырма шарты: Әр топ берілген мәтінді оқып шайқастың болған уақытын анықтайды. Осы қалаларда ерлік көрсеткен Қазақстандық батырларды анықтап, шайқастың маңыздылығын түсіндіруі тиіс.
1-топ. Мәскеу шайқасы
2-топ. Ленинград шайқасы
3-топ. Сталинград шайқасы
4-топ. Берлинге бағыт
Дескриптор:
Шайқастың болған уақытын анықтайды;;
Шайқаста ерлік көрсеткен Қазақстандықтарды анықтап, шайқастың маңыздылығын түсіндіреді;

Ұ/Ж. Берілген сөздерден сөйлем құрастыр.
1. Танкімен, авиациямен, мемлекет, және, қызыл, жарақтандыруға, ерекше, армия, бөлді, көңіл.
Мемлекет Қызыл Армияны танкімен және авиациямен жарақтандыруға ерекше көңіл бөлді.
2. Шымкент, түбінде, Мәскеу, теміржол, жүріп, шайқастар, торабының, жатқан, комсомолдары, кездің өзінде - ақ, танк, “Қазақстан комсомолы” қаржы, колоннасына, берді, ауыр, жинап.
Мәскеу түбінде ауыр шайқастар жүріп жатқан кездің өзінде - ақ Шымкент теміржол торабының комсомолдары “Қазақстан комсомолы” танк колоннасына қаржы жинап берді.
3. Оқушылар, масақ, металл, жүздеген, сынықтарын, мың, жинады, терді.
Жүздеген мың оқушылар масақ терді, металл сынықтарын жинады.
4. Өздері, 4 млн сомнан, олар, “Қазақстан пионері”, қорына, астам, тапқан, ақшасын, аударды.
Олар өздері тапқан 4 млн сомнан астам ақшасын “Қазақстан пионері, қорына аударды.”
Оқушыларға дұрыс жауабы көрсетіледі....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий