Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы» (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

 Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»  (Қазақстан тарихы, 9 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 9.3В Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: білім мен ғылым
Сабақ тақырыбы: Ахмет Байтұрсынов – «ұлт ұстазы»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.2.2.2 – Ахмет Байтұрсыновты қазақ тіл білімінің негізін салушы, қоғам қайраткері ретінде бағалау
Тарихи консепт маңыздылық
Сабақ мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмір жолын біледі,ұлт үшін жасаған еңбегін анықтай алады,қоғамдық-саяси қызметін бағалай біледі
Ж.Ж. Тұлғаны тану. Оқушылар сыныптастарымен жұптасып қабырғада ілулі тұрған мәліметтермен танысып жасырылған тұлғаны атаулары керек

Т.«Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағандай тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек»
ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамындағы негізгі мәселе?
Сол мәселенің қазіргі қоғамдағы өзектілігі бар ма?
Т.Зерттеу және талдау. «Кім жылдам?» сыныптың қабілетіне сай топтарға А,В,С дереккөздерін кезектестіріп ұсынып,3-5 минутта
Ахмет Байтұрсынов- «реформатор» екеніне дереккөзден маңызды 2 дәлел келтірулерін сұраңыз. Жұмысын тез аяқтаған топқа ынталандыру сыйлығын ұсынуға болады.

Т. «Уақыт шеңбері» стратегиясы. Мұғалім оқушылармен бір шеңбер жасап бірге отырады.Қатысушылар түгел қатысу қажет,сөйлегісі келмеген оқушылар сөз кезегін өзгеге ұсына алады.
Талдау сұрағы: Неліктен Ахмет Байтұрсыновты «реформатор» деп атайды?

Т. Оқушыларға А.Байтұрсыновтың реформатор болуына әсер еткен факторлар бойынша STEEPLE талдауын жасату.
факторлар әсері

S - әлеуметтік
T-технологиялық
E-экономикалық
E-қоршаған орта
P-саяси
L-құқықтық
E-этникалық .....

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий