XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

 XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 3-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 3-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.1 – халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау;
7.2.1.1 – салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Өткен материалды еске түсіру.
«Ыстық орындық» тапсырмасы бойынша өткен материал еске түсіріліп, пысықталады.
(М) Оқушылар жауаптарынан кейін бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы сабақтағы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Оқушыларды осы сабақта басты зерттелетін мәселеге ойларын шоғырландыруға назар аударылады. Оқушылардың болжам жауаптары арқылы зерттелетін мәселе анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы пысықталып, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел
Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?
Зерттеу мен талдау
Тапсырма. «Сұқбат беру»
Оқушыларға күйшілер мен сал-серілер және олардың музыка туындылары туралы мәтін таратылады. Белгіленген уақытта әрбір топ оқушылары ұсынылған ақпарат пен алдынғы сабақтарда игерілген білім негізінде сұқбат жүргізуі қажет. Әр топ сұқбат алушы және оған жауап беруші тұлғаларды және олардың диалогын дайындайды. Сұқбат сұрақтары слайдтан көрсетіліп немесе карточкаға жазылып ұсынылады. Оқушылар өнер иесі (Келген сал-сері мен күйшіні оқушылар өздерінің қалауы бойынша таңдап алады) роліне еніп, журналисттің сұрақтарына жауап беруі керек. (Ескерту! Мұғалім сынып ерекшелігіне қарай тапсырманы жұптық немесе топтық етіп ұсынуға болады). Орындалған оқушылар жұмысы ауызша тексеріледі. Сұқбат критерийлеріне сәйкес топтар өз жұмысының нәтижесін сынып алдында жариялайды.
1-топ. Құрманғазы Сағырбайұлы
2-топ. Тәттімбет Қазанғапұлы
3-топ. Ақан сері Қорамсаұлы
4-топ. Мұса Байжанұлы
5-топ. Дәулеткерей Шығайұлы
6-топ. Мұхит Мералыұлы
Тапсырма «Сұхбат беру»
-Аты-жөніңіз?
-Өзіңіздің өнеріңіз туралы, өнерге қалай келгеніңіз туралы ой бөліссеңіз.
-Туындыларыңыздың ішіндегі шоқтығы биік туындым деп қайсысын есептейсіз? Неліктен?
-Өнер жолында қандай қиындықтарға тап болдыңыз? Неліктен?
-Бүгінгі ұрпақ XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп санайды. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Өз ой-пікіріңізді түсіндірсеңіз......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий