XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

 XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4 XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.2.3 – ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптар түрлері мен оның пайда болу тарихын, қолдану ерекшіліктерін анықтау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Оқушыларға ұлттық аспаптың сүйемелдеуімен орындалған туындының үзіндісі тыңдатылады. Сатылап сұрақ қою әдісімен диалог әңгіме жүргізіледі. Сұраққа берілген оқушылардың жауабы толықтырылып, сабақ тақырыбы анықталады.
-Тыңдалым тапсырмасы арқылы қандай музыкалық аспаптың үнін естідіңіз?
-Бұл музыкалық аспаптың ерекшелігі қандай?
- Бүгінгі сабағымыз қалай аталуы мүмкін?
(М) Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, жаңа сабақ тақырыбы анықталады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): дәлел
Зерттеу сұрағы:
Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?
(М) Ұлттық музыка аспаптарының дыбыс бояуына қарай, түр-тұлғасына қарай, ойналу тәсіліне қарай әр түрлі болатыны туралы қысқаша шолу жасалады. Сол аспаптардың суретіне қарап отырып, олардың қасиеттерін анықтау үшін келесі тапсырмалар бірінен соң бірі орындатылатын болады.
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. «Үнін анықта»
(Т) «Ұлттық аспаптар» галереясын аралап, өздеріне қатысты аспаптардың суретін жинап алады және мәтіндегі ақпаратқа сүйеніп, өз аспаптары туралы ақпаратты зерттейді. Мәтіндегі ақпаратты оқып, топ ішінде талқылайды. Әр топ өзіне қатысты музыка аспаптарын дыбыс бояуына және ойналу тәсіліне қарай анықтап, (шертпелі, ұрмалы, үрмелі) музыкалық аспаптың түр-тұлғасына қарай сипаттап жазбаша орындауы қажет.Топ оқушылары сағат тілі бойынша белгілеген уақытта тапсырманы орындап, жұмыстарын келесі топқа тексеруге береді. Тапсырма орындалып болғаннан кейін кері байланыс топтардың бір-бірінің дескриптор негізінде бағалауымен жүзеге асады.
1-топ. Шертпелі ұлттық музыка аспаптары;
2-топ. Ұрмалы ұлттық музыка аспаптары;
3-топ. Үрмелі ұлттық музыка аспаптары
1-топ 2-топ 3-топ
Шертпелі ұлттық музыка аспаптары; Ұрмалы ұлттық музыка аспаптары; Үрмелі ұлттық музыка аспаптары ......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий