XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

 XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту  ісі 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІV тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.4А XIХ-XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.2.3.2 – XIXғ. ІІ жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру
Сабақтың мақсаты: Жәңгір ханның ағарту саласына енгізген жаңалықтарын талдап, мемлекеттің дамуына үлес қосқан Жәңгір тұлғасына баға беру.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Жаңа тақырыпты ашу үшін тұлға портреті мен тұлғаға қатысты сипаттама ұсынылып, сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
- Ол Шыңғыс ханның ұрпағы;
- Ол Бөкей Ордасының ханы;
- Оған қарсы халық көтеріліске шықты;
- Ол алғашқы мұражай мен еуропалық үлгідегі мектеп ашқан тұлға;
- Ол мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісін жасады.
(М) Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, жаңа сабақ тақырыбы анықталады. Оқу мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): маңыздылық және өзгеріс
Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?
Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Өткен тақырыптардағы материалдарды еске түсіріліп, жаңа тақырыппен байланыстыруға жағдай жасалады.Слайдтан «сөздер банкі» әдісі бойынша «Исатай мен Махамбетті қандай ортақ идея біріктірді?» және «Бөкей ордасының ханы Жәңгір – қанаушы немесе ағартушы?» тақырыбынан алынған сөздер топтамасы ұсынылады. Оқушылар ұсынылған сөздер топтамасының арасынан /Бөкей Ордасы, зайырлы мектеп, көтеріліс, Исатай мен Махамбет, егу практикасы, Гекке, мұражай, Тастөбе шайқасы, ағартушылық, аурухана, мал тұқымын асылдандыру тб/ алдыңғы сабақтарда кездеспеген жаңа ұғымдарды анықтайды. Сонан соң, жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар тақтаға ілініп, оқушыларға жаңа ұғымдардың атауларымен сәйкестендіру тапсырылады. Мұғалім тапсырманың дұрыс/бұрыс орындалуын тексеру қажет. Уақыт тығыз болған жағдайда жаңа ұғымдарды мұғалімнің өзі түсіндіріп кетуге болады.
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс.
(Ж) XIX ғасырда Бөкей Ордасында билік еткен Жәңгір хан саясаты туралы бейнематериал көрсетіледі. Жұптасқан оқушылар тыңдалым бойынша алған ақпаратын ұсынылған кестеге толтырады. Игерілген білімді тексеру жұптардың бір-бірін бағалауымен жүргізіледі.
Дескриптор:
- Жәңгір ханның ел басқару ісіндегі енген өзгерістер мен жетістіктердің кемінде 3-уін анықтайды.
Кері байланыс. Жұптардың бірін-бірі бағалауы.
2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс.
(Т) Оқушыларға тақырып мазмұнын ашатын ықшамдалған мәтін ұсынылып, топтық тапсырма беріледі. Оқушылар мәтіндегі ақпаратты оқып, топ ішінде өзара талқылайды. Игерген білім мен дағдыларын SWOT талдау кестесі арқылы сыныпқа жариялайды. І топ-Жәңгір ханның ағарту саясатындағы жетістіктерін (SWOT талдау кестесінің «+» және «мүмкіндіктері» торын), ІІтоп- Жәңгір ханның ағарту саясатындағы кемшіліктерін «SWOT талдау кестесінің «-» және «қауіптері» торын, ІІІ топ- Жәңгір ханның ағарту саясатының мемлекеттің дамуындағы әсерін («РЕSТ талдау кестесінің «Оңтайлы әсері», «Кері әсері», «Шешім» торын) толтырып, талдайды......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий