XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2А XVIII ғасырдағы Қазақстанның мәдениеті
Сабақ тақырыбы: XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау
Сабақтың мақсаты: XVIII ғ. ақын-жыраулар туындыларын тарихи дереккөз ретінде құндылығын бағалау.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ Ақтамберді жыраудың «Күмбір-күмбір кісінетіп» жыры тыңдатылады. Оқушыларға бұл жыр Ақтамбердінің жыры екені таныстырылып, төмендегі сұрақтар қойылады:
-Жырда не туралы айтылған?
-Жыр, терме, күй шығармаларының ерекшелігі неде?
-Жыршы, ақын, жыраулар деген кімдер?
-Бүгін сабақ не жайында болуы мүмкін?
(М) Оқушылардың жауаптары толықтырылып, сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел
Зерттеу сұрағы: XVIII ғасырда ақын-жыраулар шығармаларында тарихи оқиғалар қалай көрініс тапты?
Сыныпты топтастыру.
(Т) 1-6-ға дейінгі сандар жазылған карточкалардың артында белгілі бір жыраудың аты жасырылып тұрады. Мысалы, 1-ші карточкада Бұхар., 2-карточкада Тәттіқара., 3-ші карточкада Ақтамберді., 4-ші карточкада Үмбетей., 5-ші карточкада Жанақ, 6-шы карточкада Жанкісі. Нәтижесінде 6 топ таңдаған нөмеріне сәйкес белгілі бір жырауды таңдап алады. Мысалы:
1 2 3
4 5 6
(Б) Жаңа ұғымдармен жұмыс.
Мұғалім тақырып анықталғаннан қазақ музыка туындылары мен өнер иелері атауының мағынасын түсінуі бағытында «жұптарды сәйкестендір» тапсырмасы ұйымдастырылады. Әр топ берілген ақпарат бойынша тақтада көрсетілген ұғымдардың біреуін, оның мағынасымен сәйкестендіреді.
Айтыс- ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.
Терме- Ақылымен нақылы бар өлеңді әуен.Термеде күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар, ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді.
Күй- қазақ халқының аспапта ойналатын музыкалық жанры
Ән- музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы
Жырау- өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.
Жыршы- жыр айтушы, таратушы. Қазақ ауыз әдебиетінде өлең, жыр шығаратын, қисса, толғау, дастан айтатын адамдар.
Зерттеу мен талдау
Топтарға жыраулар туралы мәтін таратылады. Белгіленген уақытта топ оқушылары жинақтаған ақпаратты бірге оқып, мазмұнын талқылап, зерттеу жүргізеді. Талқылау барысында жыраулар шығармаларындағы негізі тақырыпты анықтайды. (Мысалы, отанға сүйіспеншілік, бірлік, батырлар ерлігі және т.б.) Осыған сәйкес жыраулардың қоғамдағы орнына баға беріледі.
Сонан соң сынып алдында әр топ жыраулар туралы ақпаратты сынып алдында жариялайды. Қалған топ оқушылары өздеріне қажетті мәліметтерді дәптерге жазып алып отырады......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 633



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі