Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс 4-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру
Сабақтың мақсаты: Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Сырым Датұлын тарихи портретін зерттеу және баға беру.
Ұйымдастыру сәті. Оқушыларды топтастыру.
Өткен материалды еске түсіру.
(Б) Сатылап сұрақ қою әдісі арқылы оқушылармен диалог әңгіме жүргізіледі. Оқушылардың назарын басты зерттелетін мәселеге шоғырландыру үшін төмендегідей сұрақ қойылады:
-1783-97жж Кіші жүз қазақтарының
көтеріліс басшысы кім?
-Сырым Датұлы -саяси тұлға ма?
(М) Оқушылардың жауабы тыңдалып болғаннан кейін, бүгінгі өтетін тақырыптың алдыңғы тақырыптың жалғасы екендігі ескертіледі. Бүгінгі сабақта қазақ тарихындағы тұңғыш ұлт-азаттық көтеріліс басшысы Сырым Датұлының тұлғалық келбеті зерттелетіні туралы айтылады.
(М) Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты пысықталады. Бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): Себеп-салдар
Зерттеу сұрағы: Сырым Датұлы Кіші жүз қазақтарының қандай құқықтарын қорғауды көздеді?
Зерттеу мен талдау
Суретпен жұмыс.
(Т) Топтарға суретті (Сырым батыр портреті) мына сөздермен (батыр, шешен, патша үкіметі, хан билігі, халық, демократия, отаршылдық, жер дауы, халық мүддесі, құқық) байланыстырып 5 минуттық эссе жазу тапсырылады. Тұлғаны 1-топ шешен, 2-топ батыр, 3-топ демократ ролінде танып, сипаттап шығуы керек.
1-топ. Сырым-шешен
2-топ. Сырым-батыр
3-топ. Сырым-демократ
Топтар өздерінің тұлға туралы ой-пікірін сынып алдында оқиды. Келесі тапсырма әр топ тұлғаға қатысты берген ой-пікірін дәйектермен дәлелдеу үшін, зерттеу жұмысын жүргізу тапсырмасы ұсынылады.......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий