1822-1824 жж. патша реформалар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

 1822-1824 жж. патша  реформалар 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2В Отарлау және ұлт-азаттық күрес
Сабақ тақырыбы: 1822-1824 жж. патша реформалар 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: 7.3.1.4 – Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру
Сабақтың мақсаты: 1822-24 жж жарғылары нәтижесінде Қазақстанда болған әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіну.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.
БЫМ «Артығын тап» тапсырмасы. Дәстүрлі билік жүйесін еске түсіру мақсатында бірнеше ұғымдар жазылған карточкалар таратылады. Оқушылар болжау арқылы осы ұғымдар арасынан дәстүрлі билік жүйесіне қатысты емес сөзді алып тастайды. Қалған сөздер/ұғымдарды пайдаланып, дәстүрлі билік жүйесіне сипаттама береді.
- Оқушылар, қалай ойлайсыздар? Қазақ даласында дәстүрлі билік жүйесін сақтап қалу патша өкіметі үшін тиімді ме?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
(М) Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
 Тарихи концепт (фокус): Себеп-салдар
Зерттеу сұрағы: Неліктен XX ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстанда әкімшілік реформалар жүргізілді?
Жаңа сөздермен жұмыс
(Б) Сабақ барысында кездесетін жаңа ұғымдардың мағынасын оқушылардың алдын-ала түсінуіне жағдай жасалады. Алдымен тақтаға жаңа ұғымдар мен сөз тіркестері жазылған карточкалар ілінеді. Ал оқушыларға жаңа сөздердің мағынасы жазылған карточкалар таратылып, олардың мазмұнын оқып шығуға мүмкіндік беріледі. Мұғалім сонан соң оқушылардан тақтадағы жаңа ұғымдардың атаулары карточкадағы сөздердің қайсысымен сәйкес келетіндігі туралы сұрайды. Жаңа сөздердің мағынасын дұрыс таптым деген оқушылар жауабын оқиды, егер ол жауап дұрыс болған жағдайда (мұғалім жауаптардың дұрыс/бұрысын тыңдап тұрады) тақтадағы жаңа ұғымдардың біріне сәйкесінше орналастырады.
Дәстүрлі билік -қазақ хандығындағы хан билігі
Генерал-губернаторлық -Ресей империясының әкімшілік-территориялық бөлік
Жарғы -заңдар жинағы
Округ- әкімшілік-аумақтық бөлік атауы
Округтық приказ -мекеме
Дистанция- Кіші жүздегі әкімшілік-территориялық бөлік
Заседатель -Ресейлік шенеунік
Ішкі күзет -Сібір казактарынан құралған күзет
(М) Қазақ хандығында дәстүрлі билік жүйесінің жойылу себептерін қысқаша тоқталып, 1822 ж реформаның нәтижесінде Қазақ хандығында пайда болған округ → болыс → ауыл - жаңа әкімшілік бөліну сызбасын/схемасын интерактивті тақтадан шығарып көрсетіледі......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 164



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!