Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Абылай ханның  ішкі және сыртқы саясаты 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: 7.3.2.2. Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін анықтау
Сабақтың мақсаты: Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саясатын түсіну.
(Б) Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.
БЫМ Оқушыларға Қазақ хандығымен көрші мемлекеттер- Ресей мен Қытай империяларының символы және Абылай портреті көрсетіліп, төмендегі сұрақтар қойылады.
-Суретті көріп, Сізге қандай ой келді?
Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады.
М Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылып, тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): Дәлел мен тарихи интерпретация
Зерттеу сұрағы: Дербес Қазақ мемлекетін сақтап қалудағы Абылай ханның рөлі қандай?
Топтарға «Кемпірқосақ» тапсырмасы бойынша Абылай ханның көрші мемлекеттермен жүргізген саясаты туралы мәтін таратылады.Топтар дерек мазмұнын оқып, талқылайды. Мұғалімнің ұйымдастыруымен «Жаңа топтар» мен «бастапқы топтар» арасында ақпарат алмасып, кейін игерілген ақпаратты барлық сынып болып мұғалім берген сұрақтар негізінде талқылайды.
1-топ. Ресей империясымен қарым-қатынас;
2-топ. Жоңғария мемлекетімен қарым-қатынас;
3-топ. Цинь империясымен қарым-қатынас;
4-топ.Қырғыз мемлекетімен қарым-қатынас
Кері байланыс.Мұғалімнің бағалауы.
Зерттеу мен талдау.
Оқушыларға «Кемпірқосақ» тапсырмасы бойынша игерген білімдері мен дағдыларын талдап, тиянақтау үшін оқушыларға «5R» тапсырмасы орындауға ұсынылады. Топтағы оқушылар алдыңғы тапсырмада оқып-тыңдап, игерген ақпараттарын төмендегі кестеде көрсетілген маңыздылықтың критерийлеріне сәйкес талдайды......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий