Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

 Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B XVIII ғасырдағы Қазақ хандығы
Сабақ тақырыбы: Жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының басталуы 2-сабақ
Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылығы кезеңіндегі Қазақ хандығының шаруашылығының дамуына тигізген кері әсерінің салдарын анықтау.
М Оқушыларға қазақ халқының жоңғарға қарсы күрес туралы бейнеролик көрсетіңіз.
Т Бейнероликпен жұмыс істеуді ұйымдастырыңыз:
Бірінші топ негізгі үш оқиғаны анықтайды;
Екінші топ сол кездегі маңызды үш тарихи тұлғаларды анықтайды;
Үшінші топ осы жылдардағы оқиғаларды сипаттайтын үш кілт сөзді анықтайды.
Төртінші топ негізгі географиялық белгілерді/ шайқастар болған орындарды анықтайды.
Содан кейін топтар өзара пікір алмасып, сыныпта талқылау жүргізеді, тиісті дәлелдер келтіреді.
Зерттеу сұрақтары:
1. Қазақ-жоңғар соғысында қандай шешуші шайқастар болды?
2. Жоңғар шапқыншылығының салдары қандай болды?
Зерттеу және талдау
Б Интерактивті тақта арқылы көрсетіңіз немесе келесі сөйлемді тақтаға жазыңыз: «өкшелері ауырып, табандары ағарғанша жүре берген, содан көлдің айналасына жеткен кезде етбеттерімен құлап жатып қалды».
Оқушылардан осы сөйлемнің мәнін түсіндіруін сұраңыз. Содан кейін мұғалім оқушыларға неге қазақ халқының басынан өткен ұлы апат жылдарын «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталатындығын түсіндіреді.
Содан кейін оқушыларға Аңырақай шайқасы туралы қысқаша ақпарат беріп, оқушылардан оны талдау және оның ерекшеліктері мен нәтижелерін айқындауды сұраңыз.
Т Дереккөздермен жұмысты ұйымдастырыңыз. Оқушылардың міндеті - Жоңғар шапқыншылығының демографияға, экономикалық және саяси жағдайға тигізген әсерін, салдарына сараптау жасау.
Оқушыларға ақпараттық мәтінді (Қосымша 1) және ұсынылған мәтінге сай осы сұрақтарды талдауды ұсыныңыз:
1. Мәтінге атау беріңіз
2. Мәтіндегі екі негізгі идеяны белгілеңіз
3. Жоңғар әскерлерінің артықшылығы қандай болды?
4. Жоңғардан қандай қауіп төнді?
5. Қазақ әскері жоңғарларға қандай қарсылық көрсетті?
6. Жоңғар шапқыншылығының салдары қандай?
Әр топтың оқушылары өз жұмыстарының нәтижелерін сынып алдында қысқаша есеп беру түрінде көрсетуі керек......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 611



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!