Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

 Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, ІІІ тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті кім әкелді: қыпшақтар ма, әлде моңғолдар ма? 2-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау
Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін анықтау
Сабақ мақсаттары: Моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының негізгі үш себебін және үш салдарын анықтау;
Қыпшақтар жорықтарының үш себебі мен саяси үдерістерге тигізген әсерін анықтау.
Сәлемдесу. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау.
Оқушыларды ойландыру үшін бірнеше суреттер тізбегін ұсынылады. Бірінде гүлденген қала, сауда-саттық, ал екіншісінде қираған қала, қырылған халық суреттері болуы мүмкін.
Нені көріп тұрсыңдер?
Қандай сұрақтар туындады?
Қандай сезімдесің?
Қандай қорытынды шығара аласың?
Монғолдардың Орталық Азияны жаулап алу бағыттарын бейнероликтен көрсетіп, қысқаша түсіндіріледі. Олардың жаулап алған территорияларын кескін картаға түсіруге тапсырма беріледі.
Жаңа тақырыпты анықтау. Сабақтың мақсатын анықтау. Жетістік критерийлерің айту.
Екі топқа моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының негізгі үш себебін және үш салдарын анықтауға;
Қалған екі топқа – қыпшақтар жорықтарының үш себебі мен саяси үдерістерге тигізген әсерін анықтауға.
Дескриптор:
1 топ моңғолдардың Орталық Азияны жаулап алуының 1 ші себеп-салдарын дұрыс анықтайды; Орталық Азияны жаулап алуының 2ші себеп- салдарын дұрыс анықтайды; Орталық Азияны жаулап алуының 3ші себеп- салдарын дұрыс анықтайды; Қорытынды шығарады.
2 топ қыпшақтар жорықтарының 1ші себебі мен саяси үдерістерге тигізген әсерін дұрыс анықтайды; қыпшақтар жорықтарының 2ші себебі мен саяси үдерістерге тигізген әсерін дұрыс анықтайды.
қыпшақтар жорықтарының 3ші себебі мен саяси үдерістерге тигізген әсерін дұрыс анықтайды.
Талдау және талқылау
Ұсынылған деректердің негізінде өздерінің зерттеу қорытындылары бойынша дауыс беруді ұйымдастырады. Оның нәтижесінде сыныпта екі пікір қалыптасады:
Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген моңғолдар, өйткені...
Орталық Азияға ең үлкен өзгерісті әкелген қыпшақтар, себебі...
Оқушылар тиісінше дәйектер келтірулері тиіс, мысалы:
Моңғолдардың келуімен:
1. ұлыстық құрылым түріктерде ежелден қолданыста болған құрылтай жүйесінің ауқымы мен ролі ұлғая түсті.
2. әскери мыңдық, жүздік, ондық жүйесін құрып, әскери жорықтық салтанат рәсімдері барынша жетілдірілді.
3. көшпенділер мемлекеттік жүйесінде таңба, мөр ұстау, ел билеушісін «хан, қаған» деп атау, елін жүзге бөліп басқару, шекара әскерінің таңдаулы тобын жасақтау, хан ордасының әкімшілік ісін жүргізудің біршама дамыған үлгісі моңғолдың ұлыстық билігі тұсында одан әрі жетілдірілді.
Қыпшақтардың әсерімен:
1. Жошы ұлысы аумағында қыпшақ тілі мемлекеттік тіл деп есептелді.
2. 1265 жылы Берке хан, одан 45 жылдан кейін Өзбек хан Ислам дінін өз елінің ресми діні деп қабылдағаннан кейін Ислам діні Моңғол ұлыстары дәуірінде мемлекеттік дәрежеге ие болып, көшпенділер арасына да кеңінен тарала бастады.
3. «қыпшақтану» («түркілену») үдерісінің орын алды......

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий