Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

  Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? 1-сабақ (Қазақстан тарихы, 7 сынып, І тоқсан)

Пән: Қазақстан тарихы
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1A VI – IX ғғ. Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Орта ғасырлар тарихынан нені оқып үйренеміз? 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): VI-IX ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру.
Сабақ мақсаттары: VI-IX ғғ. мемлекеттердің орналасу аумағын картада көрсету;
Көне түркі тайпаларының саяси үдерістері түсіндіру;
Оқушылармен танысу
(Б) Оқушыларды шеңберге тұрғызып, «Маған ұнайды ...» ойыны арқылы оқушылармен жақынырақ танысу.
(Т) Ежелгі заманның маңызды тұстарын еске түсіру мақсатында «Уақыт сызығы» ойынын өткізу.
(оқушылар берілген терминдерді хронологиялық тізбек бойынша орналастырады).
1 топ: палеолит, мезолит, неолит, энеолит, қола дәуірі, темір дәуірі;
2 топ: гоминид, австралопитек, питекантроп, синантроп, неандерталь, кроманьон;
3 топ: андрондықтар, сақтар, үйсіндер, ғұндар, қаңлылар, түркілер.
Берілген ұғымдардың ішінен жаңа ұғым «түркілер» туралы не білетіндерін топта талқылау.
Талқылаудан кейін бүгінгі жаңа сабақпен сабақтастырады.
(М) Сабақтың тақырыбы, мақсаты мен оқу мақсаттары, бағалау критерилері оқушыларға таныстырылады.
Картамен жұмыс.
(Т) Тапсырма 1. Мозайка жинау.
Әр топ ертеортағасырлардағы саяси карта бейнеленген қиындыларды жинайды. Құрастырылған саяси картадағы мемлекеттерді анықтай отырып, кескін картаға түсіреді.
Бағалау. Интерактивті тақтада берілген картаға қарап, оқушылар өзін-өзі бағалайды.
(Т) Тапсырма 2. Оқушылар ежелгі дәуір мен ерте ортағасырлық карталарын салыстырып, қандай саяси өзгерістер болғанын анықтайды. Ол үшін келесі сұрақтарға жауап береді.
1.№ 1 және № 2 картада қандай мемлекеттер белгіленген.
2.№ 1 және № 2 картада қай кезеңдер бейнеленген?
3.№ 2 картада саяси өзгерістер болды ма? (болса қандай өзгерістер)
4.№ 1 және № 2 Картада не өзгеріссіз қалды.
Сонымен қатар, әр топқа келесі сұрақтар бойынша талқылау жүргізіп, қорытынды жасауды ұсыныңыз. 1.Қалайша Қазақстанның саяси картасы соншалықты өзгеріске ұшырады?
2. Бұл өзгерістер қаншалықты маңызды? .....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 605



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі